Sat . 19 Apr 2019

Брокгауз энциклопедиясы


Брокгауз энциклопедиясы (нем. Brockhaus Enzyklopädie) — XIX ғасырдың басынан бастап басылып шығарыла бастаған немістің көптомды әмбебап энциклопедиясы. Әр жылдары әртүрлі атаулармен шыққанына қарамастан, жалпы ресми емес атауы сол қалпында сақталған — «Брокгауз». Энциклопедия Фридрих Арнольд Брокгауз негізін қалаған «F. A. Brockhaus» (артынан — «Bibliographisches Institut & F. A. Brockhaus AG») баспа үйімен шығарылады.

Бұл энциклопедияның ең басты ерекшеліктерінің бірі — оған көбінесе жалпы шолушы мақалалар емес, анықтама-мақалалар тән. Бұл жәйт стандартты энциклопедия шығарылымына 200—300 мың мақала сыйдыруға мүмкіндік берді.

Брокгауз энциклопедиясы «Майердің Энциклопедиялық Лексиконы» (нем. Meyers Konversations-Lexikon) 1984 жылы, «Пирердің әмбебап Лексиконы» (нем. Universal-Lexikon der Gegenwart und Vergangenheit) XIX ғасырдың соңында және «Гердердің энциклопедиялық Лексиконы» (нем. Herders Conversations-Lexikon) 1960-шы жылдары шығарылуы тоқтатылғаннан кейін, неміс тіліндегі әлемдік деңгейдегі 4 әмбебап энциклопедияның соңғысы болып табылады.

Мазмұны

  • 1 Пайда болу тарихы
  • 2 Дереккөздер
  • 3 Тағы қараңыз
  • 4 Сыртқы сілтемелер

Пайда болу тарихы

Энциклопедияның тарихы 1796 жылы Лейпциг қаласында доктор Ренатус Готтхельф Лёбельдің (нем.)қазақ. «Қазіргі заманға керемет көңіл бөлінген энциклопедиялық сөздігі» (нем. Conversations-Lexikon mit vorzüglicher Rücksicht auf die gegenwärtigen Zeiten) шыққан кезден басталады. Бұл «Сөздікке» географиялық және тарихи тақырыптар туралы мақлалар, өмірбаяндар, мифология, философия, жаратылыстану және т.б. бойынша мақалалар кірді. 1—4 томдары (A-дан R-ға дейін; «Leipzig: F. A. Leupold» баспасы) 1796—1800 жылдары шықты, 5-ші томы («Leipzig: J. C. Werther» баспасы) 1806 жылы шықты.

1808 жылы Ф.А. Брокгауз банкротқа ұшыраған баспашыдан Лейпциг кітап жәрмеңкесінде (ағыл.)қазақ. 1800 талер бағасына «Сөздікті» басып шығару құқығын сатып алады да, бастапқы жоспарланған 6 томға екі том қосымшаларды кіріктіріп, 1811 жылы оның шығарылуын аяқтайды (бірінші том — «Amsterdam: F. A. Brockhaus» басылымы; екіншісі — «Leipzig: F. A. Brockhaus» басылымы). Соңғы, алтыншы, томның редакторы ретінде Кристиан Вильгельм Франке (нем. Christian Wilhelm Franke) шақырылды. Бұл ісінің маңыздылығын түсінген Брокгауз, сәйкес өзгерістер мен қосымшалармен, өзіне энциклопедияның редакторы рөлін алып, 1812 жылы энциклопедияның 10-томдық екінші басылымына кірісті. Бұл екінші басылым жалпақ жұртқа танымал болып, мойындалды.

Дереккөздер

  1. ↑ Британика энциклопедиясындағы «Encyclopaedia» мақаласы, 11-і басылым.  (ағыл.).
  2. ↑ Брокгауз, Фридрих Арнольд // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
  3. ↑ Британика энциклопедиясындағы «Friedrich Arnold Brockhaus» мақаласы, 11-і басылым.  (ағыл.).

Тағы қараңыз

  • Үлкен кеңес энциклопедиясы
  • Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі
  • Британ энциклопедиясы
  • Ираника энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

  • Брокгауз баспа үйінің ресми сайтындағы Брокгауз энциклопедиясының 21-ші басылымы


Брокгауз энциклопедиясы Туралы Ақпарат

Брокгауз энциклопедиясы


  • user icon

    Брокгауз энциклопедиясы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Брокгауз энциклопедиясы
Брокгауз энциклопедиясы
Брокгауз энциклопедиясы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Брокгауз энциклопедиясы бұл, Брокгауз энциклопедиясы кім, Брокгауз энциклопедиясы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...