Mon . 19 Feb 2019

Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі


Брокгауз Бен Ефрон Энциклопедиялық Сөздігі — Ф.А. Брокгауз (неміс баспагері) бен И.А. Ефронның (орыс баспагері) акционерлік баспа қоғамының бастыруымен шыққан алғашқы іргелі орыс энциклопедиясы. Алғашқы 8 томы профессор И.Е. Андреевскийдің, кейінгілері К.К. Арсеньев пен профессор Ф.Ф. Петрушевскийдің редакторлығымен (1890 — 1907) 86 том болып Санкт-Петербург қаласында шықты. Сөздікті жасауға сол тұстағы орыстың алдыңғы қатарлы оқымысты ғалымдары толық жұмылдырылған. Олардың қатарында Д.И. Менделеев, А.И. Волков, А.И. Бекетов, О.А. Ковалевскийлер де болды. Нақты материалдар мен библиографиялық мәліметтердің молдығы жағынан сөздік құнды анықтамалық еңбек болып саналады. Онда Қазақстанның тарихы, жер-су атаулары, салт-дәстүрлері («Қырғыз-қайсақ», «Арал теңізі», «Үстірт», «Хан», «Номадтар», «Ауыл», «Барымта», т.б.) жөнінде де деректі материалдар берілген. Сөздіктегі Қазақстан тақырыбының негізгі авторлары — Г.Е. Грумм-Гржимайло, Е.Ф. Шмурло, Л.С. Берг, т.б. ғалымдар болды. Сөздіктің 2-ші басылуы «Жаңа энциклопедиялық сөздік» деп аталды. «Жаңа энциклопедиялық сөздікті» «Баспа ісі» деп аталатын акционерлік қоғам 1911 жылдан шығара бастады. 1916 жылда оның шығарылуы тоқтатылды, белгіленген 48 томының 22-і ғана жарық көрді. Ол К.К. Арсеньевтің редакциясымен қайта қаралып өңделді. «Брокгауз — Ефронның» ықшамдалған нұсқасы ретінде жоспарланған бұл басылымға белгілі алаш қайраткері Ә. Бөкейханов автор ретінде қатысқан әрі осы энциклопедияда оған арналған арнайы есімнамалық мақала да берілген.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақ Энциклопедиясы», 2 том



Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі Туралы Ақпарат

Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі


  • user icon

    Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі
Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі
Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі бұл, Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі кім, Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...