Fri .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Британ аралдары


Британ аралдары — Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан топарал. Құрамына Ұлыбритания мен Ирландия аралдары және көптеген ұсақ аралдар (Мэн, Англси, Уайт, Ішкі және Сыртқы Гебридтер, Оркней, Шетланд) енеді. Ауданы 325 мың км²-ден астам, оның 230 мың км²-ін Ұлыбритания, 34 мың км²-ін Ирландия алып жатыр. Британ аралдары жағалауындағы сулардың тереңдігі 200 м-ден аспайды. Британ аралдары қатпарлы палеозойлық құрылымдардан түзілген. Жер қыртысының қалыптасуына кайнозойлық тектоник. қозғалыстар, мұз басу, карст процестері әсер еткен. Жер бедерінде аласа таулар (Грампиан, Пенин, Кембрий, Керри, т.б. ), таулы қыраттар (Оңтүстік Шотланд) және жазықтар кезектесіп келеді. Олардың шығу тегі әр түрлі (теңіздік, мореналық, жанартаулық). Ең биік жері — Грампиан тауындағы Бен-Невис жотасы (1343 м). Климаты жыл бойы басым болатын ылғалды батыс желдеріне тәуелді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 700 — 1500 мм. Қаңтардың орташа температурасы 3 — 7ӘС. Шілденің орташа температурасы 11 — 17ӘС. Тұман жиі байқалады. Ірі өзендері:Северн (310 км), Темза (334 км), Шаннон (368 км); өзендердің суы мол, кеме жүзеді. Ең ірі көлі — Ирландиядағы Лох-Ней көлі (400 км²). Солтүстігіндегі күлгін топырақтарда қарағай, қайың, оңтүстігінде емен, шамшат өседі. Қазіргі кезде ормандар Британ аралдарының 4 — 5-ін ғана алып жатыр. Жануарлардан түлкі, кірпі, жабайы қояндар, тиін мекендейді. Жыртқыш құстар (сапсан, қаршыға және т.б.), құр, жабайы кептерлер, су құстары (шағала, тырна, үйрек) тараған. Британ аралдарының табиғаты адам әрекетінен қатты өзгерген. Аралда Ұлыбритания және Ирландия мемлекеттері орналасқан.

Дереккөздер

«Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

  1. ↑ British Isles. focal.ie Terminology Database.Foras na Gaeilge / Dublin City University. — «the British Isles s pl (Tíreolaíocht · Geography; Polaitíocht · Politics; Stair · History; Logainmneacha » Ceantar/Réigiún · Placenames » Area/Region) Éire bain agus an Bhreatain bain2 Mhór»  Тексерілді, 23 қыркүйек 2010.
  2. ↑ Dinneen, Patrick (1927), Foclóir Gaeilge Béarla, Irish-English Dictionary (2nd (1979 reprint) ed.), Dublin:The Educational Company of Ireland, p. 812 
  3. ↑ , http://www.tynwald.org.im/papers/press/2008/pr33.pdf 
  4. ↑ , http://www.gla.ac.uk/departments/celtic/duilleagangidhlig/ 
  5. ↑ RÈGLEMENT (1953) (AMENDEMENT) SUR L’IMPORTATION ET L’EXPORTATION D’ANIMAUX.States of Jersey. Тексерілді, 2 ақпан 2012.
  6. ↑ These are the official languages of the eight jurisdictions within the British Isles. Other languages are spoken, including several other native languages and dialects that have regional or special status.

  7. ↑ Thernstrom, Stephan (1980), Harvard Encyclopedia of American Ethnic Groups, Cambridge, Massachusetts:Harvard University Press, p. 243, ISBN 0674375122 



Британ аралдары Туралы Ақпарат

Британ аралдары


  • user icon

    Британ аралдары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Британ аралдары
Британ аралдары
Британ аралдары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Британ аралдары бұл, Британ аралдары кім, Британ аралдары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...