Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Британника энциклопедиясы


Британ энциклопедиясы (Encyclopedіa Brіtannіca), “Британика” — әлемдегі ең байырғы әрі танымал энциклопедиялардың бірі. 1768 — 71 жылдары Эдинбург қаласында 3 томдық 1-басылымы жарық көрген. Британ энциклопедиясының алғашқы 8 басылымы кәсіби талаптар деңгейінен төмен болғаны, негізгі ұғымдар мен атаулардың неміс, француз тілдеріндегі кітаптардан сөзбе-сөз көшіріліп алынғандығы белгілі. 1910 — 11 жылдары жарық көрген 25 томдық 9-басылымнан бастап “Британиканың” мазмұны мен құрылымы энциклопедиялық талапқа сай жетілдірілді, жаратылыстану және нақты ғылым салалары бойынша тарауларға бөлінді. Әсіресе, 11-басылымы (1910 — 11 жылдары, 29 том) біршама жақсы шықты: сөзтізбе аясы кеңейтіліп, тұңғыш рет көзі тірі қайраткерлердің өмірбаяндары қамтылды; бірқатар мақалалардың ғылыми мазмұны ғалымдар тарапынан жоғары баға алды. 1929 жылы Британ энциклопедиясының 14-басылымы (24 том) шыққаннан бастап энциклопедияшылар қайта жүйесімен жұмыс істеп, жыл сайын мақалалардың едәуір бөлігін жаңартып отыратын болды. Бірақ, бәрібір негізгі кемшіліктен арыла алмады: америкалық және ағылшын ғалымдары қайтадан жаңартылған мақалаларды талдай келе, уақыты өтіп кеткен, ескірген, кейде тіпті шындыққа жуыспайтын мағлұматтардың көп кездесетінін айтты. Британ энциклопедиясын шығарушылар көптеген елдердің ғалымдарын мақала жазуға тарта бастады. 20 ғасырдың басында ағылшын-америка баспагерлерінің ынтымақтасуы нәтижесінде энциклопедияның басылымдары мазмұны жағынан да, авторлар мен редакторлар құрамы жағынан да британдық-америкалық туынды болып шықты. Британ энциклопедиясының соңғы 29 томдығы 1994 жылы Чикаго (АҚШ), Лондон (Ұлыбритания), Париж (Франция), Рим (Италия), Сидней (Австралия), Токио (Жапония), т.б. қалаларда басылды. Бұған қосымша ретінде 4 томдық әр түрлі көрсеткіштер тізбесі жарияланды. Бұл басылымда Қазақстанға қатысты Н. Назарбаев (Nazarbayev), Алматы (Alma-Ata), қазақ (kazakh), Қазақстан (Kazakhstan), Арал теңізі (Aral sea) атты мақалалар бар. Ал қазақ тарихындағы Абай, Құрманғазы, Исатай, Махамбет, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев сынды ірі тарихи тұлғалардың есімдері сөзтізбеге енбеген. Жалпы алғанда Британ энциклопедиясы, батыста жарық көрген басқа да энциклопедиялық басылымдар сияқты, Еуропаға табынушылық концепциясынан арыла қоймаған.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том



Британника энциклопедиясы Туралы Ақпарат

Британника энциклопедиясы


  • user icon

    Британника энциклопедиясы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Британника энциклопедиясы
Британника энциклопедиясы
Британника энциклопедиясы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Британника энциклопедиясы бұл, Британника энциклопедиясы кім, Британника энциклопедиясы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Никонов, Константин Петрович

Никонов, Константин Петрович

Константин Петрович Никонов 14 сәуір 1844 - 10 мамыр 1915, Санкт-Петербург - Ресейлік адмирал, Балты
Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.