Бостандық
бостандықБостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
бостандық
Бостандық Туралы Ақпарат

-
Бостандық beatiful post thanks!
29.10.2014
Бостандық
Бостандық
Бостандық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
Порте
Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...Патриотизм
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...Асан Жұмаділдин
Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...Жеңіс (Жамбыл облысы)
Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
Б. з. д. 179 жыл
— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...Дассов
Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...Камподипьетра
Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...Паладжанелло
Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі