Sat . 20 Sep 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Бозторғайлар


Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Денесі 12-23 см, қанаттары ұзын. Түсі топырақ тәрізді. Көпшлік түрлерінін еркектері ұя маңында ән салып ұшады. 15 туысы белгілі. Олардың 75 түрі бар, (Оңтүстік Америкада, 1, Австралияда, 2). ТМД-да 7 туысы 14 түрі таралған. Олар бозторғай, (Alanda arvensis), далалық, (Melanocozypha calandra), құлақты бозторғай, (Eremorphila alpestris), шөлді жер бозторғайы, (Ammomanes deserthi) және ТМД-да эндемик қара (М. yeltoniensis) және ақ бозторғай, (М. leucoptera). Бозторғайлар тундрадан бастап далалық және шөлді аймақтарды мекендейді. Көпшілік түрлері жылы жақта қыстайды. Ұяларын жерге салады. 2-6 жұмыртқа табады. Қоректері, жәндіктер мен өсімдік дәні. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енген.

Мәдениеттегі орны

Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл...

Бозторғай тынышрықты төтенше сүйетін құс, ұясына озгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”
  2. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3



Бозторғайлар Туралы Ақпарат

Бозторғайлар


  • user icon

    Бозторғайлар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бозторғайлар
Бозторғайлар
Бозторғайлар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бозторғайлар бұл, Бозторғайлар кім, Бозторғайлар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...