Sun .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бетпақдала

бетпақдала

Бетпақдала
Бетпақдала
Координаттар:45°38′06.6″ с. е. 70°22′22.5″ ш. б. / 45.635167° с. е. 70.372917° ш. б. (G) (O) (Я)45.635167, 70.37291745°38′06.6″ с. е. 70°22′22.5″ ш. б. / 45.635167° с. е. 70.372917° ш. б. (G) (O) (Я)  (T)
Ел Қазақстан
АймақтарҚарағанды облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Теңiз деңгейiнен биіктігі300-500 м
Ұзындығы500 км
Ені50 км
Ауданы75 мың км²
ӨзендерҚарқаралы, Қарасу өзені, Талдыеспе
Қаңтардағы орт. температура–12 -14  °C
Шілдедегі орт. температура24-26  °C
Жылдық жауын-шашын деңгейі100-150  мм
Бетпақдала

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер бедері
  • 3 Геологиялық құрылымы
  • 4 Су торабы
  • 5 Климаты
  • 6 Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 7 "Бетпақдала" атауының мағынасы
  • 8 Дереккөздер

Географиялық орны

Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.

Жер бедері

Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300-350 м. Абсолюттік биіктігі 200-300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400-700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты.

Геологиялық құрылымы

Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері - Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы.

Су торабы

Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар.

Климаты

Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12 -140С, шілдеде 24-260С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-150 мм. Қардың қалыңдығы 10-15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10-30 м артезиан құдықтарымен суландырылады.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтсүтігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала - көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған.

"Бетпақдала" атауының мағынасы

Шу өзенінің терістігі мен Сарыарқаның арасында жатқан тылсым даланы халқымыз ертеден-ақ Бетпақтың даласы деп келген:жазы ыстық, қысы қатал сусыз, табиғаты өмір сүруге қолайсыз болғандықта да Бетпақтың даласы атанғандығы өзінен-өзі белгілі сияқты. Қазақта "бетпақ" деген байырғы сөз бар. Оның мағынасы бетсіздік. Ұятсыз, бетсіз адамды, әсіресе әйелді, ауылды жерде күні бүгінге дейін "бетпақ" деп ұрысады. Мұның арғы негізі "бет" және "бақ" деген екі сөзден құралады. "Бет" - кәдімгі бет, "бақ" - бағу, қаару. "Бетпақ" деген сөз "бет бақтырмайтын ұрысқақ" немесе "бет қаратпайтын суық, бет қаратпайтын ыстық" деген ұғымнан болуы керек. Өйткені, Бетпақтың төңірегін мекендеген елді сан ғасыр бойына бет бақтырмай, ішіне кіргізбей келгендігі рас. Дегенмен көшпелі халық өзі өмір сүрген ортаның табиғатын терең үйреніп оны шаруашылық мақсатына пайдаланған. Бетпақтың даласы бір қарағанда шөпсіз шетсіз қу дала болып көрінгенмен онда өсетін майда от малға жағымды. Бетпақта жайылған малдың еті өте дәмді, әрі "шыны" болып, майлы етті көп жей алмайтын болған. Бетпақта өсетін шөптердің негізгі түрлері саған, ебелек, боз жусан, майда қара жусан, май жапырақ, теріскен, қырықбуын, күйреуік, бүйірқұм, жауқазын, шытыр, ноқатек. Ноқатекке малды өте сақтықпен жайған. Өйткені ноқатекті көп жеген мал жарылып кететін болған.

Дереккөздер

  1. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том
  2. ↑ "Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 197, 247-беттер. - Алматы:"Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.

бетпақдала


Бетпақдала Туралы Ақпарат

Бетпақдала


  • user icon

    Бетпақдала beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бетпақдала
Бетпақдала
Бетпақдала Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бетпақдала бұл, Бетпақдала кім, Бетпақдала сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...