Wed . 19 Jun 2019

Беташар

беташар салт дәстүр, беташар видео
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.

Беташар рәсімі

Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр. Бұл туралы мақала Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген зерттеуінің ішіне кірген тараулардың бірі. Зерттеуші салт өлеңдерінің құрамында беташардың алатын орнын, мазмұндық ерекшелігін анықтаған. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай айтылатынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің танытқыштық, тәрбиелік және керкемдік мәнін ашқан; мұның тұрақты мәтіні (тек- сі) болатыны, онда қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні; жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде берілетіні айтылған («ел-жұртына жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сәлекет боп отырма, еркектей боп жүгініп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгіліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйлемңдіріп...»). Беташар өлеңінде отбасындағы ңлгілі ұйел қандай болуы керектігі туралы хапық- тыһ ғасырлар бойында қалыптасқан ұдеп норма- лары, өнеге тізбегі, адамгершілік дңниетанымы, ұйелдердіһ адам тұрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өмір- теңдігін көрсетеді.

Тағы қараңыз

  • Беташар жыры

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  3. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Сілтемелер

  • Bigox.kz Беташар реферат (қазақша)
  • Bigox.kz Ерте замандағы беташар реферат (қазақша)
  • Bigox.kz Қазақ ақындарының беташар туралы бірер ойы (қазақша)
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

беташар, беташар алматы, беташар видео, беташар википедия, беташар деген не, беташар жыры, беташар жыры текст, беташар салт дәстүр, беташар текст, беташар шанырак фото


Беташар Туралы Ақпарат

Беташар


  • user icon

    Беташар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Беташар
Беташар
Беташар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Беташар бұл, Беташар кім, Беташар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...