Thu . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бесқонақ


Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы “Бесқонақ” деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.б. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн “фәнджи” немесе “андаргах” (“ұрланып кіретін” не “кетікті толтыратын”) деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі соғда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде “Бесқонақ” үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша “Бесқонақ” жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Тағы қараңыз

  • Қазақ күнтізбесі
  • Наурыз мейрамы
Қазақтын ежелгі күнтізбесінің айлары
 Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан 
Бесқонақ кезеңі •



Бесқонақ Туралы Ақпарат

Бесқонақ


  • user icon

    Бесқонақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бесқонақ
Бесқонақ
Бесқонақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бесқонақ бұл, Бесқонақ кім, Бесқонақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...