Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бесқарағай ауданы


Бесқарағай ауданы - Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшілік бірлігі ретінде 1926 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған. Ауданның құрылған жылы 1926 жыл.

Әкімшілік орталығы Большая Владимировка ауылы (Борас), халықтар саны 5050 адам, аумағы 11,4 мың қашықтық немесе 4,1 пайыз Шығыс Қазақстан облысынан.

Ауылдық округтер саны – 10. Елді мекендердің саны – 33. Облыс орталығынан арақашықтығы – 320 км. Ең жақын темір жол станциясының арақашықтығы 80 км, Семей қаласы.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Табиғаты
  • 3 Өсімдіктері
  • 4 Жануарлары
  • 5 Бесқарағай ауданының қазіргі жағдайы
  • 6 Қоғамдық - саяси жағдайы
  • 7 Дереккөздер

Тарихы

Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудандарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік–шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан.

Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысы құрамына, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.

Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 13 кеңшарлар мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 633 шаруа қожалықтарына бекітілді.

Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан. Тарихқа көз жүгіртсек, ХVІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын

Табиғаты

Пайдалы қазбалары рудалы емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде.

Ертіс өзені.

Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы -170С, кейде-450С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы - 210 ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы.Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылымының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар.

Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңіз соры) көлдері емді, олар Павлодар облысының Моялды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы –натрилы қоспа, 40 пайызы борма–терапиялық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +380, +420.

Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестріледі: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді. Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщы жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан. Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі.

Өсімдіктері

Белдеулі орманда аққайың - көк терек алқаптарында қарағай, аққайың, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі.

Жануарлары

Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпаң құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесірткелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі.

Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді.

Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатралар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлдерінде балықтар дамыған, табанды, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер мекендейді, тұқылар жасанды дамытылған.

Бесқарағай ауданының қазіргі жағдайы

Бесқарағай ауданда аумағында 25472 адамдар тұратын, 24 ұлттар өкілдері мекендейтін 10 ауылдық округ бар. Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, 10 отбасылық–дәрігерлік амбулатория, 20 фельдшерлік – акушерлік пункті, фельдшерлік пунктер, 16 кітапханалар, 182 сауда орындары, 21 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді.

Аудан ауылдарында 28 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда 4842 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мектебі, шығармашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді. 2004 жылы Большая Владимировка ауылында балалар бақшасының 1 тобы ашылды.

Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады. Аудан сүт, ет, картоп, көкөніс, бақша дақылдарымен және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен Семей қаласының халықтарын қамтамасыз ететін қала маңындағы аудан боп табылады.

Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мем-екеттер біледі.

Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бесқарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар Елистратов С.А., Корнев И.И., Қайырбаев М. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – Жингелбаев К., Қонақов Е, Щевцов С.И. еңбек етті. Аудан тұрғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін ордендермен марапатталғандар - Қалтаев К.М. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Белякин Н.Г.

«Қызыл жұлдыз» орденімен, Диц И.А. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, Нұртазин К.Т. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үздігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демократиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарғанға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды.

Әмре Қашаубаев.

Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әмре Қашаубаев өмір сүрді. (Ескерту: Әміре Абыралы өңірінде туған. Ақын емес, әйгілі әнші болған.) Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді.

Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлкелеріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылынан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Семияр ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолон Дастенов, Беген ауылынан киноартисі Ментай Утепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер.

Аудан орталығында кәсіптік - техникалық мектеп жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механизаторлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады.

Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 50-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұрғазин тұрады. Бұл жерден 50 жылдары Рим қаласында өткен Олимпиадалық ойындарда КСРО- ның құрама командасының құрамында 4х100 метр қашықтық эстафетасы бойынша қатысқан күміс жүлдегері Гусман Косанов, жетпісінші жылдары Мюнхен Олимпиадасында жеңіл атлетикаға қатысқандар Анатолий Бадранков және Анатолий Микетенко, жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Александр Довбенко шықты.

Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанған біздің жерлестеріміз спорт шеберлері – күресші Изатов Е.Т., Кирибаев Т., Ямалитденов Х., Махамбетов Д., оқ ату бойынша Касатчиков В.А., шаңғы бойынша Баяндилов В., жеңіл атлетика бой-ынша Ә. Зиаданова және басқалары. Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйінің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» белгісін алды.

Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқарағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Рес-публикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

  • 3 дәрежелі «Айбын» орденімен-54 өрт сөндіру бөлімінің маманы Сергей Владимирович Белякин орман күзеті және жануарлар әлемі жөніндегі Беген мекемесінің аумағында 2002 жылы 27 мамырда болған ірі өртті сөндіру кезіндегі батылдығы үшін марапатталды. Ол өзінің антын және қызметтік парызын аяғына дейін, қызметтік автокөлікті және ондағы адамдарды құтқара адал атқара білді.
  • «Ерлігі үшін» медалімен Беген орман шаруашылығының жұмысшысы Зайкенов Дүйсембай Төленбекұлы (өлгенен кейін), 54-ӨБ маманы Изатов Мақсат Алтайұлы осы ірі өртті сөндіруге қатысқандары үшін мараптталды.
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін «Восток» шаруа қожалығының басшысы Тұнғұшпаев Мұхтар Сұлтанұлы марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы №1246 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен 54-ӨБ бастығы Панюков Дмитрий Валерьевич. «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жеткістіктері үшін «Лана» шаруа қожалығының басшысы Әділев Теміржан Ертайұлы марапатталды.

Қоғамдық - саяси жағдайы

Аудан аумағында өз жұмысын «Отан», «Асар» партиялары, «Ақ жол» өңірлік өкілеттілігі іске асырады.

«Отан» партиясы қоғамның әр түрлі санаттарының өкілдерін біріктіреді – қызметшілер, зейнеткерлер, жастар, жұмыссыздар. «Отан» партиясының мүшелерінің жалпы саны 506 адамнан тұрады. Ауданда 8 мұсылман мешеті жұмыс істейді, 1 Свято-Успенский храмы, 1 Свято-Троицкий приход және христиан-баптистердің евангелдік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз қызметтерін іске асырады.

Аудан аумағында «Арна», «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымдар, «Бесқарағай әйелдері» қоғамдық ұйым, «Береке», «Арна», «Бірлік», «Рамадан», «Белуха» белсенді топтары тіркеліп, өз қызметтерін іске асыруда. Олардың міндеттері әлеуметтік проблемаларды шешу, әйелдер инициативтерін жандандыру, жас ұрпақтармен жұмыс жасау, патриоттыққа тәрбиелеу, балалардың дене шынықтыру, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Ауданда өткізілген әлеуметтік талдаудың және өткен сайлаулардың нәтижелері бойынша ел Президентіне, үкіметтің және биліктің республикалық құрылымынының қызмет істеп жүрген құрамына деген халықтың сенімі өте жоғары екені айқындалды. Әлеуметтік–экономикалық жағдайларды дамыту мен артыруға бағытталып жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан саясат электораттың жоғары бағасына ие.

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том



Бесқарағай ауданы Туралы Ақпарат

Бесқарағай ауданы


  • user icon

    Бесқарағай ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бесқарағай ауданы бұл, Бесқарағай ауданы кім, Бесқарағай ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...