Thu . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Беріш

беріш шежіресі, беріш шежіре
Беріш - қазақ рулары Беріш — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі.

Тарихы

Шежіре бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі. 6 — 12 ғасырлар арасында көшпелілер батысқа жылжыса, 2 — 3 ғасырлар аралығында далалық өңірдің қуаңдануына байланысты олар шығысқа ойысып, Алтай өңіріне иек артқан. Түркі қағандығы құрылатын 6 ғасырдың алдында жайықтардың Алтайда отырғаны туралы жанама дерек бар: Алшын (Ашина) түркілері Алтайға келгенге дейін жергілікті түркілер бас құдай ретінде үлкенге және оның қасиетті жұбайы Жайық (Дайық) Анаға табынған. Жайық — көне түркіше мейірімді, қайырымды деген сөз. Билік басына келген Алшын (Ашина) түркілері Жайық Ананы ысырып тастап, өздерінің қасиетті кейуаналары Ұмай есімін енгізген. Сөйтіп, Алшын (Ашина) түркілері мен Жайық Беріштері арасында келіспеушілік орын алып, Жайық Беріштің қағандық орталығынан кетіп, қарлықтарға қосылуына себепші болған.

Түркі қағандығының, әсіресе, екінші Шығыс Түркі қағандығының тарихында Беріш тайпасының Себек тармағы айтарлықтай із қалдырды. Соңғы кезде ғылыми айналымға енген деректер Қарлық одағының кейінгі түрікмен халқы мен қазақтың Беріш тайпасының тарихымен сабақтас екеніне көз жеткізе бастады. Жапон ғалымы И.Эцеди Қарлық хандығы үш тайпадан емес, төрт тайпадан құралғанын, ол төртінші тайпасының есімі Себек екенін дәлелдеген. Екінші Шығыс Түркі қағандығының іргетасын қалаған, ақылгөй Тонйұқық (Томукөк, Тоныкөк) Беріш тайпасының Себек тармағынан. Қытай тарихшысы Ма Шаңшу: “Тонйұқық — Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлық елінің Сәбек тайпасынан шыққан адам” деп жазған (Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993, 116-бет).

  • Беріш этнонимі 10 ғасырда парсы тілінде жазылған авторы белгісіз “Худуд әл-Әлем” деген жағырапиялық еңбекте де кездеседі. Онда “Мерке — елді мекен, онда қарлықтар тұрады, оған саудагерлер де қатынайды. Бұл екі елді мекеннің аралығын үш қарлық тайпасы қоныстанған, олардың есімі бистан, хайм, бириш” деп жазылған.
  • Академик Ә. Марғұлан “Қазақтың жыр-аңыздары” атты кітабында 10 ғасырда Хазар хандығы негізінен екі тайпадан құрылған: бірі — Хазароғлы, екіншісі — Берішоғлы деп көрсетеді.
  • Ал 11—12 ғасырлардағы орыс жылнамаларында половецтердің (қыпшақтардың) қатарында Буршевич ұрпақтары болғаны туралы айтылады.
  • Араб, парсы саяхатшылары оларды Буржоғлы деп көрсеткен.

Оңтүстік орыс даласында Бурчевичер ең ұлы ордалардың бірі болып, Русь—Қыпшақ даласы арасындағы барлық саяси оқиғаларға белсене араласқан. Бұл кездегі Беріштердің ханы атақты қолбасшы Боняк болған. Орданың орналасқан мекені Днепр өзенінің сол жақ сағасы. Деректерде 10 — 11 ғасырлар аралығында Беріштердің Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепрге жеткені аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245 — 1300 ж. Алтын Орданың әскербасы Ноғайдың қарамағында болды. 1300 ж. Ноғай өлгеннен кейін Алтын Ордадан шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді. Ноғайлы ұлысының құрамында Беріштер де болды. Ноғайлы ыдыраған соң, 16 — 18 ғасырлар арасында Беріштер Кіші жүз қауымымен аралас-құралас түстікте Бұхардан бастап терістікте Мұғалжар тауына дейінгі жерлерді жайлаған. 17 ғасырдың 30-жылдарында олар Еділ — Жайыққа ентелеген торғауыт қалмақтарына қарсы күрес жүргізген. Мұғалжардан қалмақты Есет батыр өткізбеген. Беріш қауымынан Есетке ілесе ел қорғаған батырлары Ағатай, одан кейінгі дәуірлерде Жаубасар, Есболай, Итемген, Қара, Саржала батыр, Құлбарақ, Исатай мен Махамбет, сондай-ақ, Есет Қараұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақын-жыраулар шықты. Беріш тайпасының ұраны — Ағатай, таңбасы — жебе (<).

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


беріш себек, беріш шежіре, беріш шежіресі


Беріш Туралы Ақпарат

Беріш


  • user icon

    Беріш beatiful post thanks!

    29.10.2014


Беріш
Беріш
Беріш Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Беріш бұл, Беріш кім, Беріш сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...