Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Бейжің


Бейжің, Пекин, Бежін (қытай тілінен аударғанда солтүстік астана деген мағына береді) — Қытай Халық Республикасының астанасы. Көлемі жөнінен Қытайдағы (Шанхайдан кейін) 2-ші қала. Халқы — 12,6 млн (1995). Солтүстік Қытай жазығының солтүстік шетінде, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан. Үш жағынан тау жоталарымен қоршалған, оңтүстік-шығыс жағы ғана жазық болып келеді.

Мазмұны

  • 1 Ерте тарих
  • 2 Ескерткiштер
  • 3 Назар аударарлықтар
  • 4 Қазақстанмен қатынастары
  • 5 Дереккөздер
  • 6 Дереккөздер

Ерте тарих

  • Бейжің тұрған жердегі елді мекен туралы алғашқы дерек б.з.б. 2-мыңжылдықта кездеседі.
  • Б.з.б. 11 — 8 ғасырлар аралығындағы жылнамаларда (Батыс Чжоу заманы) ол Цзи қаласы деп аталады.
  • Соғысушы патшалықтар дәуірінде (б.з.б. 475 — 221 ж.) ол Янь патшалығының орталығы болып, Солтүстік Қытайдың стратег. маңызды қаласына әрі ірі сауда орталығына айналды.
  • 10 ғасырдың басында Ляо әулеті қидандарының екінші астанасына айналып, атын Яньцзин деп өзгертті.
  • 12 ғасырдың ортасынан Чжунд, Дасин (чжурчжэннің Цзинь мемлекетінің ортаңғы астанасы) атанды.
  • 1215 жылы қаланы моңғолдар басып алды. 13 — 14 ғасырларда Даду немесе Ханбалық атанып, моңғолдың Юань империясының астанасы болды.

1368 жылы моңғолдардан азат етілгеннен кейін Бейпин атанды.

  • 1421 жылы Қытайдың Мин империясының астанасы болып,Бейжің атанды.
  • 1644 — 1911 жылдары Цинь империясының астанасы болды. Бейжің мен оның маңайында металлургия, мұнай , химия, машина және прибор жасау, полиграфия, құрылыс металдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары, т.б. шоғырланған.

Ескерткiштер

Бейжің көптеген тарихи ескерткіштерге бай қала, соның ішінде «әлемдегі ең ұлы» деп саналатын ескерткіштер — атақты Тяньаньмэнь қақпасы, әлемдегі ең үлкен Тяньаньмэнь алаңы, әлемдегі толық сақталған ең көне архит. ансамбль ескерткішінің бірі, тыйым салынған императорлық қала — Гугун мұражайы Қытай қорғанының Бадалиндегі бөлігі, әлемдегі ең үлкен Аспан ғибадатханасы, Мин әулетінің 13 императоры жерленген Шисаньлин бейіттер кешені, әлемдегі ең ірі «Сыхэюан» сарайы орналасқан.

Назар аударарлықтар

1949 жылдан бері қаланың орталығы алаңы саналатын Тяньаньмэннің төңірегінде Халық өкілдерінің жиналыс үйі (парламент), Қытайдың тарихи музейі, Қытай революциясының музейі, Халық батырларына арналған ескерткіш, Мао Цзэдунның мұражайы, т.б. салынған. Қазіргі заманғы ірі құрылыстар — мемлекеттік кітапхана, орталықтеледидар үйі, Халықар. сауда үйі, Қытай театры, Бейжіңнің ірі әкімшілік мекемелері, ірі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары, мәдени-спорттық кешендер орналасқан.

Қазақстанмен қатынастары

1992 жылы Бейжіңде Қазақстан елшілігі ашылды. Сондай-ақ Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының орталықштаб пәтерінде Қазақстан өкілдігі орналасқан, сонымен қатар бұл қалада қазақстандық банк, темір жол өкілдіктері жұмыс істейді. Көптеген қазақстандық студент-жастар Бейжіңнің жоғары оқу орындарында білім алады. Бейжіңдегі мемлекеттік мұрағаттарда қазақ халқының тарихына, қазақ-қытай қатынастарына байланысты көптеген құжаттар сақтаулы.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

  1. ↑ Власти Пекина намерены сдерживать чрезмерный рост численности населения города. Xinhua News Agency. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 тамыз 2011.
  2. ↑ Приведена численность населения, имеющего постоянную пекинскую прописку (12,46 млн. чел.), а также временную прописку (7,26 млн. чел.). В данную цифру не включены мигранты (официально именуемые "мигрирующее население"), численность которых власти города официально оценивают цифрой св. 10 млн. человек. Таким образом суммарное число постоянных и временных жителей Пекина (с включением "мигрирующего населения") составляет почти 30 млн. человек.
Жазғы Олимпиада ойындары астаналары

1896: Афина • 1900: Париж • 1904: Сент-Луис • 1908: Лондон • 1912: Стокгольм • 1916: Берлин • 1920: Антверпен • 1924: Париж • 1928: Амстердам • 1932: Лос-Анжелес • 1936: Берлин • 1940: Токио • 1944: Лондон • 1948: Лондон • 1952: Хельсинки • 1956: Мельбурн • 1960: Рим • 1964: Токио • 1968: Мехико • 1972: Мюнхен • 1976: Монреаль • 1980: Мәскеу • 1984: Лос-Анджелес • 1988: Сеул • 1992: Барселона • 1996: Атланта • 2000: Сидней • 2004: Афина • 2008: Бейжің • 2012: Лондон • 2016: Рио-де-Жанейро

 


Бейжің Туралы Ақпарат

Бейжің


  • user icon

    Бейжің beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бейжің
Бейжің
Бейжің Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бейжің бұл, Бейжің кім, Бейжің сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...