Wed . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бахрейн

бахрейн на карте мира, бахрейн
Бахрейн әмірлігі — Оңтүстік-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мемлекет. Жері - 695 км². Халқы - 643 мың адам (1998жыл). Астанасы – Манама (160 мыңдай адам). Ірі қалалары: Мұхаррәк, Рифаа, Иса. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады. Бахрейн әмірлігі — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 1973 жылы қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындайды. Атқару билігі Министрлер Кеңесіне жүктелген. Саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметіне тыйым салынған. Мемлекет аумағы 33 аралдан тұрады. Ірілері: Бахрейн, Мұхаррәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді болып келеді. Климаты тропиктік және субтропиктік. Орташа температурасы қыста 18°С, көктемде 25°С, жазда 40°С, күзде 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 90 мм. Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 3 мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. басында Бахрейн жеке әмірлік болған. IV - VI ғасырларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кірді. XIII ғасырдада Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормұз әмірлігіне қосып алынды. XVI ғасырдың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, XVII ғасырда Иранның қол астына кірді. XVIII ғасырдың 80-жылдарында әл-Халиф әулетінен шыққан араб шейһтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жариялады, бірақ XIX ғасырда Ұлыбритания шейһтармен бірқатар келісімдер жасап (1820, 1847, 1861), 1871 жылы елде өз протекторатын орнатты. 1880 жылы және 1892 жылы келісімдер негізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. 1-ші дүниежүзілік соғыс (1914-1918) кезінде Бахрейнде ағылшын әскери базалары орналасты. 1932 жылы мұнай көздері ашылған соң, елге АҚШ капиталы ене бастады. 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939-1945) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Манама қаласын Парсы шығанағындағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1971 жылы 14 тамызда Бахрейн әмірлігі тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Бахрейн әмірлігі экономикасының негізі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қамтамасыз етеді. Барланған мұнай қоры - 27 млн. тонна, газдың қоры - 240 млрд. м3. Мұнай , алюминий өндіру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр станциясы жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. доллар шамасында. Ауыл шаруашылығы оның 1%-ін ғана құрайды. Көкөніс, құрма, цитрусты жеміс-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады. Бахрейн әмірлігі - Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Сыртқы саясаты Таяу Шығыстағы жанжалдарды реттеуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағытталған. Бахрейн әмірлігі 1992 жылы 28 мамырда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы


бахрейн, бахрейн 2010 формула, бахрейн валута, бахрейн википедия, бахрейн вікіпедія, бахрейн карта, бахрейн на карте мира, бахрейн столица, бахрейн улс, бахрейн фото


Бахрейн Туралы Ақпарат

Бахрейн


  • user icon

    Бахрейн beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бахрейн
Бахрейн
Бахрейн Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бахрейн бұл, Бахрейн кім, Бахрейн сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...