Tue . 18 Nov 2018

Батыс Сібір жазығы

батыс сібір жазығы
Батыс сібір жазығы , Батыс Сібір ойпаты – дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Аумағы 3 млн. км2-ге жуық. Солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара теңіз жағалауынан бастап, оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай тауларының етегіне дейінгі аралықты қамтиды. Батысында Орал тауларынан бастап, шығысында Орта Сібір қыратты тауларына дейін созылып жатыр. Жазықтың солтүстігіндегі мореналық төбелер мен қырқалар аралығында кең аңғарлар кездеседі. Олар оңтүстікте аласа жалдарға ұласады. Жазықтың абсолюттік биіктігі 50 м-ден (солт-нде) 300 м-ге дейін (оңт-нде) өзгереді. Батыс Сібір жазығына Васюган жазығы, Барабы жазығы, Есіл жазығы, Ертіс жазығы, Құлынды даласы енеді. Жазық Батыс Сібір плитасының жас эпигерциндік платформасынан қалыптасқан. Платформаны құрлықтық және теңіздік қалың шөгінділер жауып жатыр. Бұл шөгінділер ірі мұнай және газ кен орындарына бай. Оңтүстігінде (Қазақстан аумағында) жазықтың көпшілік бөлігі қалыңд. 500 – 1200 м болатын мезозой-кайнозой кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Өзен аңғарлары төрттік кезеңнің қиыршықты, малтатасты аллювий қабатынан тұрады. Батыс Сібір жазығының климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 28°С, шілдеде 4°С-тан (Солтүстік Тундра белдемінде) 22°С-қа дейін (оңтүстігнде орманды-далалы белдемде) өзгереді. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм, оңтүстігіндегі далалық белдемде 600 мм-ге дейін жетеді. Батыс Сбір жазығында 2000-нан астам өзен бар. Олардың ірілерінде (Об, Енисей, Ертіс, т.б.) кеме қатынайды. Көлдер де көп. Өзенаралық ірі аңғарларында Чаны, Үбі (Ресейде), Сілетітеңіз, Теке, Шағалалытеңіз, Қызылқақ, Қалибек көлдері (Қазақстанда) орналасқан. Олардың көбінің суы ащы. Жазықтың солт-ндегі тундралық және орманды тундралық белдемде шыршалы-қылқанды орман өседі. Оңтүстігіндегі қара және қызыл қоңыр топырақты орманды-далалы және далалық белдемінің көпшілік бөлігі егін танаптары үшін жыртылған.

батыс сібір жазығы


Батыс Сібір жазығы Туралы Ақпарат

Батыс Сібір жазығы


  • user icon

    Батыс Сібір жазығы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Батыс Сібір жазығы бұл, Батыс Сібір жазығы кім, Батыс Сібір жазығы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қыземшек

Қыземшек

Қыземшек сөздері мына мағыналарды білдіруі мүмкін: Қыземшек (тау, Күнгей Алатау) Қыземшек (тау, Ұлы...
Фавале-ди-Мальваро

Фавале-ди-Мальваро

Фавале-ди-Мальваро (итал. Favale di Malvaro) — Италиядағы коммуна, Лигурия әкімшілік аймағына қ...
NGC 5101

NGC 5101

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 28 наурыз 1786 Бақылау мәлі...
Анела

Анела

Анела (итал. Anela) — Италиядағы коммуна, Сардиния әкімшілік аймағына қарасты Сассари провинция...