Wed . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Батыр

батырхан шукенов, батыр закиров
Батыр (парсы тілінде njBӨM бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.

Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды. Осы топта соғыс ісінің тәжірибесі жинақталып, әскери өнер дамып, қару-жарақ жасаудың, оны қолданудың биік деңгейі қалыптасты. Батырлар көбіне осы әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата-бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған.

Казақтың қайсар да Батыр қызы - Мәншүк Мәметова

Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар, т.б. — жауына жалғыз аттанған осындай Батырлар. Талай рет қақпа бұзып, жау қамалына ойран салған ерлерін қазақ “қамал бұзған қас батыр” деп мақтан еткен. Бағзы заманнан қазақтың көптеген Батырлары жеке басының ерлігімен қатар жыраулық қасиетімен де дараланған. Қазтуған, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз секілді от ауызды, орақ тілді ақындар — осындай Батырлар. Қазтуған өзі туралы: “Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, жанға сақтау болған жұрт” десе, Шалкиіз: “Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді, Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрменді” дейді. Марғасқа жырау — еңсегей бойлы ер Есімнің батырларының бірі болған; қосымша Батырлық.

Дереккөздер

  1. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. ↑ Байжанов Т., Қазақ тіліндегі әскери лексика, А., 1991;
  3. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. ↑ Ахметжан Қ., Жараған темір кигендер, А., 1996.

Сыртқы сілтемелер

  • Исатай мен Махамбет жайлы
  • Қабанбай батыр туралы


батыр байназаров, батыр балакай, батыр баян, батыр баян поэмасы, батыр журавли, батыр закиров, батырлар, батырлар жыры, батырхан шукенов, батырхан шукенов дождь


Батыр Туралы Ақпарат

Батыр


  • user icon

    Батыр beatiful post thanks!

    29.10.2014


Батыр
Батыр
Батыр Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Батыр бұл, Батыр кім, Батыр сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...