Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Барбадос

барбадос, барбадос карта
Барба́дос (ағылш. Barbados) — Кариб бассейніндегі Барбадос аралында орналасқан мемлекет, орналасқан аралы Кіші Антил Аралдары тобына кіреді, Кариб теңізінің шығысында орналасқан. Салыстырмалы түрде алғанда Оңтүстік Америка құрлығына жақын, 434,5 км Венесуэланың солтүстік-шығысында орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Қысқаша мәлімет
  • 2 Конституциясы
  • 3 Тарихы
  • 4 Экономика
  • 5 Дереккөздер

Қысқаша мәлімет

Жері-430 шаршы шақырым. Астанасы- Бриджтаун Әкімшілік жағынан 11 ауданға бөлінеді. Халқы 300 мың. Оның 80 пайызы- зәңгілер, 20 пайызы- ақ нәсіл мен аралас қандылар. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Діні - христиан. Ұлттық мейрамы- 30-қарашадағы Тәуелсіздік күні.

Конституциясы

Барбадос - Британия Достастығының мүшесі. Елдің 1966 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымы болып есептеледі. ОЛ өз өкілі генерал - губернаторды тағайындайды. Заң шығаратын билігі 5 жыл мерзімге сайланатын парламентке жүктелген.

Тарихы

Барбадос орналасқан аралды ерте кезде үндістердің аравак, кариб тайпалары мекендеген. 1518 жылы аралды испандықтар ашып, ағаштарды қалың өскендіктен Барбадос (исп. - "сақалды") деп атаған. Испандықтар үндістерді Гаитиге құлдыққа сатумен айналысты. 1605 жылы Барбадосқа ағылшындар келді де, біршама уақыттан соң аралды өз отарына айналдырды. Ағылшындар мұнда темекі плантацияларын ұйымдастырып, құл еңбегін кеңінен пайдаланды.

  • 1628 жылы Бриджтаун қаласының негізі қаланды да, ол отаршылдардың басты тірегіне айналды. 17- ғасырдың 30-жылдары Барбадосқа Бразилиядан қант қамысы әкелінген соң, жұмыс күші жетіспей, Африканы көптеп құлдар тасылды.
  • 1966 жылы 3-қарашада Барбадосқа Достастық шеңберінде тәуелсіздік берілді.
  • 1966 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды.

Экономика

Сурет:Barbados 1.jpg Барбадостағы демалыс кешендері

Барбадос 300 жылдан астам ағылшын отары болғанымен, қазіргі кезде Кариб аралындағы мемлекеттермен салыстырғанда халқының әл-ауқаты өте жоғары. Жан басына шаққандағы жылдық табысы 11,5 мың доллар көлемінде. Алтын валюта қоры-34,6 млн. доллар. Барбадос экономикасының негізгі салалары:туризм және қант қамысын өндіру. Бұған қосымша жүгері , тропиктік жеміс- жидектер, көкөніс, мақта өсіріледі. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы да дамыған. Экспортқа қант және ром, б.б. тауарлар шығарылады. Мұнай, табиғи газ, жеңіл өнеркәсіп және тамқ өнімдерін өндіретін кәсіпорындары көп.

Дереккөздер

Айгөлек журналы

қ • т • ө Countries in the Caribbean

Independent nations
Commonwealth Realms: Antigua and Barbuda • Bahamas • Barbados • Grenada • Jamaica • Saint Kitts and Nevis • Saint Lucia • Saint Vincent and the Grenadines
Commonwealth republics: Dominica • Trinidad and Tobago
Other republics: Cuba • Dominican Republic • Франция (overseas regions of Guadeloupe and Martinique) • Гаити

Dependencies
Құрама Патшалық: Anguilla ∙ British Virgin Islands ∙ Cayman Islands ∙ Montserrat ∙ Turks and Caicos Islands • Dutch: Aruba • Netherlands Antilles •
Франция: Saint Barthélemy • Saint Martin • АҚШ: Navassa Island ∙ Puerto Rico ∙ U.S. Virgin Islands

Үлгі:Caricom

барбадос, барбадос бриджтаун, барбадос википедия, барбадос виски цена, барбадос из украины, барбадос карта, барбадос на карте, барбадос отдых, барбадос отзывы, барбадос фото


Барбадос Туралы Ақпарат

Барбадос


  • user icon

    Барбадос beatiful post thanks!

    29.10.2014


Барбадос
Барбадос
Барбадос Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Барбадос бұл, Барбадос кім, Барбадос сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...