Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Барақ хан

барақ ханш, барақ ханшийн
Барақ хан(т.ж. белгісіз - 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.

Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты.

Билік жылдары

1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарканда болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мауренахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды. 1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.

Дереккөздер

  1. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  2. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Тағы қараңыз

барақ хан аспарух, барақ хан соло, барақ ханш, барақ ханшийн


Барақ хан Туралы Ақпарат

Барақ хан


  • user icon

    Барақ хан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Барақ хан
Барақ хан
Барақ хан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Барақ хан бұл, Барақ хан кім, Барақ хан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...