Sun . 19 Jun 2019

Барақ сұлтан

барақ сұлтанмахмұт, барақ сұлтан сартаев
Барақ (т.ж.б. — 1750) — қазақ сұлтаны. Шыңғыс ханның тұқымы. Жәдік әулетінен. Әкесі — Тұрсын хан. Ағасы — Күшік хан Орта жүздің ханы болған. Барақ сұлтан алдымен Орта жүздің найман, қоңырат, қаракесек руларын, кейін Ұлы жүздің Дулат тайпасының бір бөлігін билеген. 1720 жылы Жоңғар және Еділ қалмақтарына қарсы шайқастарда қолбасы болған. Оңтүстік Қазақстан мен Сыр өңіріндегі Иқан, Сауран, Отырар, Түркістан, Өгізтау, Созақ қалаларына билік жүргізді.

18-ғасырдың 30-жылдарынан бастап Кіші жүз ханы Әбілқайырдың басты бақталасына айналады. Шыққан тегі жағынан Әбілқайыр ханнан артықшылықтарын алға тартқан ол Шыңғыс хан ұрпақтары өкілдерінен жоғары билікке өзін ғана лайықты деп санайды. Оның Әбілқайырмен тақ үшін таласын Орынбор генерал-губернаторы И.И. Неплюев Ресейдің отаршылдық мақсатына пайдаланды. Барақ сұлтан екі жақты саясат жүргізді. Ол 1742 жылы қарашада өзінің Ресейге бодандығын мойындап ант бергенімен, Жоңғар хандарымен байланыс жасап, үлкен ұлы Сығай сұлтанды аманатқа береді. Әбілқайырдың ықпалын көре алмаған Барақ сұлтан 1748 жылы 1 тамызда оны күші басым жасақтарының көмегімен өлтіреді. Көптеген рубасылардың бұл оқиғаға теріс қарауы Барақты билер сотына жүгінуге мәжбүр етеді. Өзіне тәуелді 3—4 адамнан тұратын билер соты Барақ сұлтанды “ақтап шыққанымен”, кейін Қазыбек би, Төле би, Абылай хан, т.б. Барақтың жазаға тартылуын талап еткен. Сол себепті ол жақтастарымен Түркістан өңіріне көшіп кетеді. Оның Әбілқайырдың ұлы Нұралы ханмен бітісуге деген ниеті нәтижесіз аяқталады.

1750 жылдың көктемінде, кейбір деректерге қарағанда, Әбілқайырдың кегін қайтарушылар Қарнақ қаласында Барақты және екі ұлы мен қызметшісін у беріп өлтірген.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы
  2. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  3. ↑ Вельяминов-Зернов В.В., Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времени кончины Абулхаир-хана (1748 — 1765), Уфа, 1853;
  4. ↑ Моисеев В.А., Джунгарское ханство и казахи. ХVІІ — ХVІІІ вв., А.-А., 1991;
  5. ↑ Ерофеева И.В., Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик, А., 1999.

барақ сұлтан баймағамбетов, барақ сұлтан бейбарыс, барақ сұлтан сартаев, барақ сұлтанмахмұт


Барақ сұлтан Туралы Ақпарат

Барақ сұлтан


  • user icon

    Барақ сұлтан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Барақ сұлтан
Барақ сұлтан
Барақ сұлтан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Барақ сұлтан бұл, Барақ сұлтан кім, Барақ сұлтан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...