Mon .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бангладеш

бангладеш, бангладеш население
Координаттар:24°01′00″ с. е. 89°52′00″ ш. б. / 24.016667° с. е. 89.866667° ш. б. (G) (O)24.016667, 89.866667

Бангладеш немесе Бангладеш Халық Республикасы (গণপ্রজাতন্ত্রী বাংলাদেশ Gôno Projātontrī Bānglādesh – «бенгальдықтар елі» ) — Азияның оңтүстігіндегі 1971 ж. құрылған мемлекет.

Мазмұны

  • 1 Жалпы сипаттамасы
  • 2 Климаты
  • 3 Тарихы
  • 4 Экономикасы
  • 5 Бенгальдықтар салттары

Жалпы сипаттамасы

Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.

Жері 147 мың км². Халқы 149 млн. адам (2007). Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгали тілі, ресми діні – ислам (85%).

Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді.

Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан.

Климаты

Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа температура 30ӘС-тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.

Тарихы

Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10 – 12 ғасырлар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғасырдың басына дейін Бангладеш жерінде Гауд, Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. 14 ғасырдың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады.

Ағылшындар Бангладешті 1757 ж. маусымның жиырма үші күні болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғасырда отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкістан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды.

Экономикасы

Бангладеш – аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Бангладеш – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлшері 235 доллар. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына екі – үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары – банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай , цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңтүстік Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.

Бенгальдықтар салттары

Бенгальдықтар бүкіл елді тығыз жайлаған. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтармен, дәулеттілері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды. Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды.Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ жеміс ағаштырын өсіруге пайдаланылады. Көлдете суарылатын жерлерге бенгальдықтардың басты тамағы – күріш егіледі. Жерді ге буйволдарды көбірек пайдаланады, ал енді күрішті су кешіп жүріп қолмен отырғызады.

Үлгі:Countries of South Asia

Үлгі:SAARC

  1. ↑ Constitution of Bangladesh, Part V, Chapter 1, Article 66; University of Minnesota, retrieved:2010-08-28
  2. ↑ Атлас мира. Государства и территории мира. Справочные сведения. — Роскартография, 2010. — С. 14. — ISBN 978-5-85120-295-7
  3. a b ЦРУ (2010)
  4. ↑ Human Development Report 2013.UN (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 мамыр 2013. Тексерілді, 14 наурыз 2013.

бангладеш, бангладеш деньги, бангладеш език, бангладеш карта, бангладеш на карте мира, бангладеш население, бангладеш оркестр, бангладеш улс, бангладеш улсын тухай, бангладеш фото


Бангладеш Туралы Ақпарат

Бангладеш


  • user icon

    Бангладеш beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бангладеш
Бангладеш
Бангладеш Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бангладеш бұл, Бангладеш кім, Бангладеш сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...