Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Балқан түбегі


Балқан түбегі — Оңтүстік Еуропадағы түбек. Жерінің ауданы 505 мың км². Құрлықтағы шартты шекарасы Дунай, Сава өзендері арқылы Триест шығанағына дейін созылады. Кіші Азиядан Мәрмәр түбегі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқылы бөлінген. Солтүстіктен (45° с. е.) оңтүстікке (Тенарон мүйісі) дейін 950 км-ге созылған. Ең енді жері 1260 км. Батысында Адрия, Ион, шығысында Эгей, Мәрмәр, Қара түбегідермен шектеседі. Жағалары қатты тілімденген. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді. Стара-Планина, Рила, Родоп, Динар таулары бар. Абс. биіктігі 2925 м (Рила тауы). Солтүстік мен шығысында (Жоғары және Төменгі Фракия, Салоники, Фессалий) ойпаттар орналасқан. Таулар альпілік қатпарлану кезінде күшті өзгеріске ұшыраған герциндік массивтің бөліктерінен құралған гранит, гнейс, кристалдық тақтатастан тұрады. Балқан түбегінің қазіргі жер бедері неоген кезеңінің соңы, төрттік кезеңде қалыптасқан; оңтүстігінде жер сілкінулер жиі байқалады. Сынап (Хорватия), мыс (Шығыс Сербия), боксит (Адрия түбегі жағалауы), хром (Албания, Македония), т.б. кендері бар. Түбектің оңтүстік жерортатеңіздік, ішкі бөліктері мен солтүстігіне қоңыржай құрлықтық климат тән. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде —1—2°С (тауларда —5°С-тан төмен), оңтүстікте 3°С. Шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 27°С. Таулы бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000—1500 мм. Ірі өзендері: Марица, Морава, Дунай және Сава. Өзендерінің ағыны қатты, суы мол. Карстық көлдер көп. Рила тауында мұздықтық көлдер, Дунай аңғарында ескі арналық көлдер бар. Оңтүстігінде субтропиктік қоңыр және карбонатты топырақ, Адрия түбегі жағалауы қызыл түсті (терра-роса) топырақ, солтүстігінде орманның қызылқоңыр топырағы, Марица өзенінің ойпатында қара топырақ тараған. Балқан түбегінің Жерорта түбегі жағалауы өсімдік дүниесіне бай (6,5 мың түр). Оңтүстіктегі төменгі белдеуде Маквис бұталы орманы, 400 — 500 м-лік белдеуде жалпақ жапырақты орман, түбектің солтүстік мен ішкі аудандарында еменді орман, одан биік белдеулерде қылқан жапырақты ормандар өседі. Жазықтарда далалық өсімдіктер тараған. Ауыл шаруашылық дақылдарынан жүгері, бидай, темекі, оңтүстігінде зәйтүн, цитрустар, анар өсіріледі. Балқан түбегінде Болгария, Босния және Герцеговина, Албания, Македония, Грекия, Хорватия, Югославия мемлекеттері және Румыния мен Түркияның бөліктері орналасқан.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;



Балқан түбегі Туралы Ақпарат

Балқан түбегі


  • user icon

    Балқан түбегі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Балқан түбегі
Балқан түбегі
Балқан түбегі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Балқан түбегі бұл, Балқан түбегі кім, Балқан түбегі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна Светлова Туған күні: 4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері: Мәскеу Азаматтығы: Азама
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж