Sun . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Балғалы


Балғалы — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі жалайыр тайпасынан таратылады. Жалайырдан Сырманақ — Ерғазы — Балғалы Қыстаулары Іле өзенінің оң жақ жағасы, Құмбасы, Құланбасы, Жуантөбе, Ақдала, Қаракөл, Аққаптал, Үшқызылжар, Жіңішке деген жерлерде орналасқан. Қапшағай, Арқарлы тауында қыстаған. Көктеу мен күзеулері — Малайсары тауындағы Жаманқұдық, Тасқұдықта болды. Жаз айларында Балғалы руы Жетісу (Жоңғар) Алатауының күреңкейіне шыққан. Мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Егін жайлары Іледен тартылған тоған жағаларында Қазамбай, Үшқызылжар жерлерінде. Балғалыдан Құлым, Шағыр, Өгіз, Нияз-Барақ аталары тарайды. Кейбір шежірелерде Балғалы Құлым, Құлымбет деп екіге бөлінеді. Балғалы руы өзбек, қарақалпақ халқының құрамында да кездеседі. Ұраны — Қабылан, таңбасы — тарақ.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;



Балғалы Туралы Ақпарат

Балғалы


  • user icon

    Балғалы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Балғалы
Балғалы
Балғалы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Балғалы бұл, Балғалы кім, Балғалы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...