Sun .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Балтық теңізі


Балтық теңізі, Балт теңізі (кейінгі латынша mare Baltіcum, ертедегі атауы Варяг теңізі) — Атлант мұхитының Еуропаға еніп жатқан теңізі. Ол Швеция, Финляндия, Ресей, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Германия және Дания мемлекеттері жерлерімен шектеседі. Атлант мұхитымен Дания бұғазы арқылы жалғасады. Теңіз құрлықтық қайраңда орналасқан, негізгі бөлігінің тереңдігі 40 — 100 м (ең терең жері 470 м), ауданы 419 мың км² Солтүстік жағасы биік жартасты (шхер және фьорд типтес), оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағасы жайпақ, құмды (лагуна типті). Ірі шығанақтары:Ботни, Фин, Рига, Куршский, Гданьск, т.б. Ірі аралдары:Аланд, Моонзунд, Борнхольм, Готланд, Эланд, Сааремаа, Хийумаа, т.б. Теңізге Нева, Батыс Двина (Даугава), Неман, Висла, Одра өзендері құяды. Қыста судың жоғағы қабатындағы температурасы 1 — 3°С, жағасында 0°С-тан төмен, жазда 18—20°С. Батыс бөлігіндегі тұздығы 11‰, орталығында 6 — 8‰. Ботни шығанағының солтүстік бөлігі 210 күн, орталық бөлігі 185 күн; Рига шығанағы 80 — 90 күн, Дания бұғазы 16 — 45 күн қатып жатады; теңіздің орталық бөлігі қатпайды. Жел бағытының және ауа қысымының тез өзгеруінен су деңгейі кейде 1,5 — 3 м-ге дейін көтеріледі. Теңіздің тәуліктік толысуы 0,04 — 0,1 м. Балтық теңізінде Балтық майшабағы, камбала, салака, Атлант майшабағы, теңіз алабұғасы, Балт трескасы, т.б. тіршілік етеді. Балтық теңізі Еділ — Балтық су жолы арқылы Каспий теңізмен, ал, Беломор — Балтық каналы арқылы Ақ теңізбен жалғасады. Негізгі порттары:Санкт-Петербург, Таллин, Рига, Калининград, Гданьск-Гдыня, Щецин, Росток — Варнемюнде, Копенгаген, Мальме, Стокгольм, Турку, Хельсинки.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”:Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9



Балтық теңізі Туралы Ақпарат

Балтық теңізі


  • user icon

    Балтық теңізі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Балтық теңізі
Балтық теңізі
Балтық теңізі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Балтық теңізі бұл, Балтық теңізі кім, Балтық теңізі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...