Sat . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Бала

балаяж, балаклава
Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” (ҚР Конституциясы 27-бап).

Қазақ халқы бірінші туған Баланы тұңғышым, одан кейінгілерін “ортаншы”, ең соңғы туған перзентін “кенже” деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қарашаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. “Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық” деп жазылған Құран Кәрімде. ҚР Конституциясында: “Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті” делінген (27-бап).

20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы - Бас ассамблеяның 1959 жылы Балалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы - Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.

Мазмұны

  • 1 Балалық
  • 2 Баланың дамуы
  • 3 Баланы негізге алатын отбасы
  • 4 Әлемдегі жағдай
  • 5 Дереккөздер

Балалық

Толық мақаласы: Нәресте

Балалық - өмірдің бір кезеңіндегі жиі, бірақ болуы міндетті емес, биологиялық жетілмегендікпен тәуелді күйімен сипатталатын кезең. Адамдардың өз жасын сезінуінде тарихи және мәдени ерекшеліктері болады, ал оның кезендік және маңызды категорияларға бөлінуі жасты әлеуметтік құру деп аталады.

Баланың дамуы

Баланың дамуы - балалық шақта өсіп-жетілу барысында жүріп жатқан физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мінез-құлықтағы өзгерістер.

Баланы негізге алатын отбасы

Баланы негізге алатын отбасы - ересек адамдар балаларының игілігіне көп көңіл бөлетін және некені олардың мүддесінде кез келген жағдайда сақтап қалуға тырысатын отбасы.

Әлемдегі жағдай

Әлем бойынша соңғы есептеулерге қарағанда тіркелмеген балалардың саны 250млн-ға жуықтапты. Соңғы жыл сайын тіркелмеген балалар саны 51млн-ға артуда.Баланың тірелмеуі яғни оның құжаттарының жоқтығы ол баланың тәуелсіздігінің жқтығымен тең.Ата-ананың балаларын тіркемеудің өзіндік салмақты негіздері бар.Мысалы, ата-аналардың алкогольдерге беріліп кетуінің себептерінен балалар тіркелмей қалып кетуде және осы жағдай көптеген мемлекеттерде орын алуда. Мысал ретінде біз Африкадағы Сомали елін алуымызға болады. Онда жалпы ағанда әйелдердің тек 3%-ы ғана балаларын тіркейді. Мұның себебі Сомали елінде бала тіркейтін органдардың жетіспеушілігі немесе бала тіркеудің қымбат болуы. Қалталары балаларын тіркеуге көтермеу себебінен балалар тіркелмей, құжатсыз жүруде.Екінші орынды Бангладеш мемлекеті алды. Онда жаңа туылған нәрестелердің 10%-ы ғана туу туралы куәлік алады.Мұның себебі онда баланы дүниеге әкелу санының шектеулігі.Яғни, нақты белгіленген саннан артық бала дүниеге әкелсе ата-ана салық төлнейді. Оңтүстік Азия бойынша барлық балалардың 37%-ы тіркелген. Ертеңгі күні балаларды тіркемеу үлкен мәселеге айналмас үшін көптеген мемлекеттерде тіркеудің бірнеше түрлері қарастырылуда.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
  2. a b c Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Туыстық қатынастар
Санат:Отбасы

Күйеу • ӘйелӘкеАнаАта • Әже • Бауыр • Қарындас • Өгей аға • Бала • Қыз • Өгей ұл • Өгей қыз • Аға • Тәте • Қайын ата • Қайын ене • Кіндік әке • Кіндік шеше •


балабанов, балади, балаклава, балалайка, баланс, балапан, балашиха, балашовер, балаяж, балаяж фото


Бала Туралы Ақпарат

Бала


  • user icon

    Бала beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бала
Бала
Бала Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бала бұл, Бала кім, Бала сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...