Wed . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Баба сұлтан

баба сұлтанмахмұт, баба сұлтан сартаев
Баба Сұлтан, Баба хан (шамамен 16 ғасырдың 30-жылдары – 1582) – 16 ғасырдың 2-жартысында Орта Азиядағы аласапыран оқиғалардың бел ортасында болған тарихи тұлға, Шайбани әулетінің өкілі. Ата тегі: Әбілхайыр хан – Сүйініш Қожа хан – Наурыз Ахмед (Барақ) хан – Баба сұлтан Самарқандты билеген әкесі қаза тапқан соң Түркістан өңіріне иелік еткен. 16 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Мауераннахрда ықпалы күшейе бастаған Абдолла (Абдоллаһ ІІ) ханды биліктен тайдыруға әрекеттенді. Самарқанд, Ташкент түбінде болған шайқастарда 1578 жылы Абдолла хан әскерлерінен жеңіліске ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Қазақ ханы Ақназардың (Хақназар) қолдауына сүйенген Абдолла хан Ташкентті алып, Түркістан өңіріне жорық жасады. 1579 жылы тамызда Абдолла хан мен Баба сұлтанбейбіт келісімге келді. Баба сұлтанға Түркістан өңірі қайтарылды, бірақ оның Бұхар хандығына тәуелділігі сақталды. Баба сұлтан 1579 жылдың аяқ кезінде Абдолла ханға жаңа жорықтар ұйымдастырып, Ташкент билеушісі Дербіс сұлтанды өлтірді. Абдолла ханға қарсы күресте Баба сұлтан Ақназар ханның билігіне наразы, бүлікшіл қазақ сұлтандарымен (Сарбан сұлтан мен Бұзақұр сұлтан) одақ құрды. Ол Шарапхана өзені бойында 5 қазақ сұлтанын (оның ішінде Ақназардың 2 ұлын) өлтіріп, Бұзақұр сұлтанға Ақназарды өлтіруді тапсырады. Бірақ Баба сұлтан 1580 жылы Шығай хан мен Абдолла ханның қысымына шыдай алмай Ұлытауға қарай қашып, кейін (1582) маңғыттарды паналайды. Баба сұлтанның бұл әрекеттеріне наразы болған Тәуекел хан оның әскерін талқандап, өзін өлтіреді. Баба сұлтанның Абдолла, Ұбайдолла, Абд ас-Саттар, Абд әл-Ғаффар және Абд әл-Латиф есімді ұлдары болған.

Дереккөздер

  1. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
  3. ↑ Материалы по истории казахских ханств XV — XVІІІ вв., А.-А., 1969; Хафиз-и Таныш ибн Мир Мухаммед Бухари, Шараф намаий-шахи, ч. 2, М., 1989; Абусеитова М.Х., Казахстан и Центральная в ХV — ХVІІІ вв.: история, политика, дипломатия, А.-А., 1988.
  4. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том


баба сұлтан баймағамбетов, баба сұлтан бейбарыс, баба сұлтан сартаев, баба сұлтанмахмұт


Баба сұлтан Туралы Ақпарат

Баба сұлтан


  • user icon

    Баба сұлтан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Баба сұлтан
Баба сұлтан
Баба сұлтан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Баба сұлтан бұл, Баба сұлтан кім, Баба сұлтан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...