Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Аң

аңыз әңгімелер, аң стилі
Аң — еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары. Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа сүтқоректілер (құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын жануарларды (қара құйрық, ақбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да аң деп атаған.

Түлкі.

Қазақстанда кейін арнаулы аң өсіру фермалары құрылды. Онда аң өсірудің екі әдісі: торда және жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен торда өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде аңның негізі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған аң терілерінің 12 – 15%-ы жабайы аңдардың, 82 – 85%-ы қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді.

Мазмұны

Аңшылық

Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген.

Аңшылық мақсаты

Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.

Қосымша мәліметтер

  • Аңшылық

Дереккөздер

  • Қазақстан балалар энциклопедиясы


аң стилі, аңдар шаһары, аңдардың атауы, аңның суретті, аңшы суреті, аңшылық, аңыз, аңыз әңгімелер, аңыздар, аңырақай шайқасы


Аң Туралы Ақпарат

Аң


  • user icon

    Аң beatiful post thanks!

    29.10.2014


Аң
Аң
Аң Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Аң бұл, Аң кім, Аң сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...