Sat . 20 Sep 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақ қоян

ұзын құлақ ақ қоян
Ақ қоян (лат. Lepus timidus) – қояндар тұқымдасының бір түрі.

Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Дереккөздер

  1. ↑ Lagomorph Specialist Group (1996). Lepus timidus. In: IUCN 1996. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on қаңтар 28, 2010.
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы

ұзын құлақ ақ қоян


Ақ қоян Туралы Ақпарат

Ақ қоян


  • user icon

    Ақ қоян beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақ қоян
Ақ қоян
Ақ қоян Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақ қоян бұл, Ақ қоян кім, Ақ қоян сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...