Thu . 20 Feb 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақ сұңқар

ақ сұңқар эмблема, ақ сұңқар тобы
Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш Ақ сұңқар бар. Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Ұябасарының қанатының ұзындығы 38-42 см, салмағы 2 кг, аталығы кішілеу келеді, оның қанатының ұзындығы 34-37 см, салмағы 1 кг-дай болады. Арқасы көкшіл сұр, шұбар, бауыры, ақшыл, сондай-ақ іштерінде, шымқай ақ түстілері де кездеседі. Басқа сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыштардан айырмашылығы денесі ірі болады. Ұясын жартастың ернеуіне, ағаш басына салады.

Ақ сұңқар жұптасып тіршілік етеді. Қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1966). Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Евразияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлық, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.

Мазмұны

  • 1 Статусы
  • 2 Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
  • 3 Таралуы
  • 4 Мекендейтін жерлері
  • 5 Саны
  • 6 Негізгі әсер ететін факторлар
  • 7 Биологиялық ерекшеліктері
  • 8 Қолда өсіру
  • 9 Қабылданған қорғау шаралары
  • 10 Қажетті қорғау шаралары
  • 11 Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
  • 12 Дереккөздер

Статусы

3-ші санат. Сирек, Қазақстанда тұрақты түрде қыстамайтын түр. КСРО Қызыл кітабына (1984) тіркелген.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Туыстың Қазақстан фаунасындағы тоғыз түрінің біреуі.

Таралуы

Солтүстік Америка мен Евразияның арктикалық аудандары. Жылдың салқын кездерінде құстардың бір бөлігі оңтүстікке қарай қонысын аударады. Қазақстанда қыстайтын ақсұңқарлар Көкшетау маңынан, сол сияқты республиканың оңтүстігі мен шығысында байқалған. 1933 жылы Көкшетаудың маңында реңі сұр ересек шәулісі (аталығы) атып алынған, оның тұлыбы Мәскеу университетінің Зоология мұражайының жиынтығында сақтаулы . 1904 ж. желтоқсанда Шу өзенінің аңғарынан аңшы бір ақсұңқарды, екіншісін қай уақытта белгісіз – Талас өзенінің бойында ұстаған, бұл туралы Н.А. Зарудный хабарлаған . Қазақстанның шығысында 1918 ж. наурызда Саурдың бөктерінде, 1974 ж. қарашада Ертістің аңғарында, 2006 ж. ақпанда Қатон-Қарағай маңындағы Бұқтырма аңғарынан кездескені белгілі .

Мекендейтін жерлері

Тундра және орманды тундра. Қыстау кезінде Қазақстанда өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездестірілген. Бір ересек ақсұңқар бір ай бойы Алматы қаласында мекендеген.

Саны

Өте аз және Қазақстанда тұрақты қыстамайды. 12 жыл (1976-1988 жж.) ішінде екі рет есепке алынған.

Негізгі әсер ететін факторлар

Белгісіз.

Биологиялық ерекшеліктері

Моногам, сәуір-мамырда 2-5 жұмыртқа салады, 28-30 күн шайқайды, балапандары 46-49 күнде қанатына қонады. Құстар және орташа денелі кеміргіштермен қоректенеді . Қазақстанда қыстау кезеңіндегі бақылаулар өте аз: Батыс Алтайдың бөктерінде бақылауға алынған ақсұңқар сұр шілдерді аулаған . Алматы қаласында қыстаған құс бір ай бойы тұрақты аң аулау учаскесіне ие болып, кіші түркептерді аулады .

Қолда өсіру

Алматы хайуанаттар паркіндегі сирек сұңқарлар питомнигінде 3 ақсұңқар бар, олар көбеюге қатыспайды.

Қабылданған қорғау шаралары

Қазақстанда қорғау жайында арнайы шаралар қолға алынбаған.

Қажетті қорғау шаралары

Тұрғындар арасында жыртқыш құстарды қорғау қажеттігі жайында үгіт-насихат жүргізу, қолда өсіруді қарқынды түрде қолға алу.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Республикада ақсұңқарларды бақылау жайындағы барлық деректі мәліметтер құнды болып табылады, оларды қолда өсіру әдістерін дайындау қажет.

Дереккөздер

  1. ↑ Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
  2. Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
  3. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  4. Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3
  5. a b Дементьев,1951
  6. ↑ Корелов, 1962
  7. a b Березовиков, Самусев, Хроков, 2000
  8. ↑ Хахлов, 2007
  9. ↑ Стариков, 2006
  10. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
  11. ↑ Красная книга КСРО, 1984
  12. ↑ Наши данные


ақ сұңқар тобы, ақ сұңқар эмблема


Ақ сұңқар Туралы Ақпарат

Ақ сұңқар


  • user icon

    Ақ сұңқар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақ сұңқар
Ақ сұңқар
Ақ сұңқар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақ сұңқар бұл, Ақ сұңқар кім, Ақ сұңқар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...