Wed .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақ сандық, көк сандық

ақ сандық көк сандық суреті, ақ сандық көк сандық ақпаратпен
«Ақ сандық, көк сандық» — ұлттық ойын.

Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,

Уық бауын шешеді,
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады...
Ақ сандың, көк сандық

Арқан тарт, кілем арт!»

— дейді.

Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық
Аспаннан не көрдің»,

— деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,

— деп жауап береді.

Одан кейін:«Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі.

Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түседі.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы:«Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

ақ сандық көк сандық ақпаратпен, ақ сандық көк сандық ою, ақ сандық көк сандық суреті, ақ сандық көк сандық технология


Ақ сандық, көк сандық Туралы Ақпарат

Ақ сандық, көк сандық


  • user icon

    Ақ сандық, көк сандық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақ сандық, көк сандық
Ақ сандық, көк сандық
Ақ сандық, көк сандық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақ сандық, көк сандық бұл, Ақ сандық, көк сандық кім, Ақ сандық, көк сандық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...