Sat . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақ байпақ


Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны.

Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.

Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім?

«Інген»: — «Ақ байпақ».
Ойыншы:— Нең жоқ?
«Інген»: — «Ботам» жоқ.

Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр.

Осы кезде «інген» орнынан тұрып, 4—5 адымдай жерге барып келіп: Бе-е-е, жоқ қой деп ойыншының иығына тізесімен бір түйіп кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай, «Ботаң шөпшек теріп жүр», дейді... Келесі ойыншы «ботаң ұйқтап жатыр», дейді.

Осылайша, барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылардың әрқайсысы ботаға бергенін айтып, біреуі су бердім, екіншісі шөп бердім, үшіншісі тамақ бердім, тағысын тағы... дейді де «ботаны» тастай сала жан-жаққа бытырай қаша жөнеледі. Жаны жай тауып «ботасын» көрген інген «ботасынан» «Кім не берді?» деп сұрай бастайды.

Ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер «інгеннің» бұйрығымен жазаланады, демек өнер көрсетеді. Жаза біткеннен кейін «інген» мен «ботаның» рөлін басқалар ауыстырады да, ойын басталып, жалғаса береді.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3


Ақ байпақ Туралы Ақпарат

Ақ байпақ


  • user icon

    Ақ байпақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақ байпақ
Ақ байпақ
Ақ байпақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақ байпақ бұл, Ақ байпақ кім, Ақ байпақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...