Fri . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақтөбе облысы

ақтөбе облысы әділет департаменті, ақтөбе облысы мұнай өнеркәсібі таралуы
Қазақстан

Статусы:

Облыс

Кіреді:

Батыс Қазақстан

Әкімшілік орталығы:

Ақтөбе

Құрылған уақыты:

10 наурыз 1932 жыл

Әкімі:

Архимед Бекежанұлы Мұхамбетов

Ресми тілі:

қазақ тілі

Тұрғыны (2015):

822 688 (4,7 %, 9 орын)

Тығыздығы:

2,57 адам/км²

Ұлттық құрамы:

қазақ 81%, орыс 12,5%, украин 2,9%, татар 1,2%, неміс 0,7%

Жер аумағы:

300 629 км² (11 %, 2 орын)

Уақыт белдеуі:

UTC+5

Телефон коды:

+7 713

Пошта индекстері:

03xxxx

Автомобиль коды:

04

Ресми сайты Ақтөбе облысы Ортаққорда Табиғат көрінісі

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,

батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,

шығысында — Қостанай облысымен,

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Мазмұны

  • 1 Халқы
  • 2 Транспорт инфраструктурасы
    • 2.1 Өнеркәсібі
    • 2.2 Ауыл шаруашылығы
  • 3 Мәдениеті
  • 4 Топырағы ерекшеліктері
    • 4.1 Қара топырақ
    • 4.2 Ақтөбеден шыққан тұлғалар
    • 4.3 Әкімшілік құрылымы
    • 4.4 Пайдаланылған әдебиеттер
    • 4.5 Сыртқы сілтемелер
    • 4.6 Дереккөздер

Халқы

1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

Транспорт инфраструктурасы

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

Өнеркәсібі

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.

Мәдениеті

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.

Топырағы ерекшеліктері

Қара топырақ

Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.


Ақтөбеден шыққан тұлғалар

  • Ақтан Керейұлы - қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы.
  • Ахмет Жұбанов - музыкант, дирижер, халық әртісі.
  • Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы
  • Әйтеке би - Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы
  • Байтақ мақсым - діндар, Таймас Ишанның туған ұлы, діни лауазымы "мақсым", туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
  • Кенжеғали Кенжебаев - профессор, академик, қазақтың еңбек сіңірген ұлы математигі, физика-математика ғылымына үлес қосқан тұлға.
  • Көбен би - кіші жүздің барымта биі, әлім елі мен адай еліне төрелік еткен би.
  • Көтібар батыр - қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы
  • Түрікпенбай палуан - кіші жүздің жауырыны жерге тимеген палуаны.
  • Таймас Ишан - көріпкелдігімен атақты әулие, туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
  • Мөңке би - қазақтың ұлы биі, туған жері Шалқар қаласы
  • Мыңбай батыр - кіші жүздің батыры, би әрі болыс болған тұлға, "Адай көтерілісінде" орыс үкіметіне қарсы ерекше қолбасшылығымен аты қалған.
  • Есет Көтібарұлы - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан
  • Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың ұлы музыканты, күйшісі. Шалқар қаласы
  • Құдайберген Жұбанов - Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог
  • Қобланды батыр - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған
  • Шығанақ Берсиев - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы, Ойыл ауданы
  • Нұрпейіс Байғанин - қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны
  • Жауғашты Нәбиев - ҚР-ның еңбек сіңірген саясаткері, қазақ комерциялық банкінің қалаушысы және басшысы, Қазақстан нарығының дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.
  • Жарас батыр - Кеңес одағының батыры, М.Ғабдулиннің "Майданда" шығармасының басты кейіпкері.
  • Жұбанова Ғазиза - Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.
  • Әлия Молдағұлова - Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор. Туған жері Қобда ауданы
  • Оспанов Марат - саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парлементінің спикері болған
  • Орал Бәйсенгіров - атақты ақын, журналист, әнші.
  • Лидия Каденова - қазақ және КСРО әртісі, Шалқар
  • Жанар Айжанова - қазақ эстрадасының әншісі, Шалқар қаласы
  • Ғалиб Жапаров - бокстан әлем чемпионы, Қандыағаш қаласы
  • Марат Тәжин - саясаткер, Алға қаласы
  • Елшібаева Айгүл - «Дарын» сыйлығының лауреаты, әнші-термеші, Шалқар ауданы
  • Тахауи Ахтанов - Қазақтың ұлы жазушысы, драматург - (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған
  • Пацаев Виктор - ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры
  • Келімбердиев Сәубет - еңбек сіңірген хирург, бас дәрігер т.б қызметтер де елеулі жетістіктерге жеткен басшы.
  • Ксенофонтова Елена - ресейдің театр және кино әртісі
  • Қараұлы Бөкенбай батыр - Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған кіші жүз батыры.
  • Есен Елеукен - бұрынғы радиожүргізуші, қазіргі Жайдарман президенті, қазақша КВН-ге ерекше үлес қосып жүрген азамат, туған жері Шалқар ауданы.
  • Әбиев Марат Жақсылықұлы — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.
  • Салжанов Исламбек Төлеубайұлы - қазақстандық кәсіпкер және меценат. "Altyn Kyran" халықаралық қайырымдылық қорының президенті.

Әкімшілік құрылымы

  1. Алға ауданы
  2. Әйтеке би ауданы
  3. Байғанин ауданы
  4. Қарғалы ауданы
  5. Қобда ауданы
  6. Мартөк ауданы
  7. Мұғалжар ауданы
  8. Ойыл ауданы
  9. Темір ауданы
  10. Хромтау ауданы
  11. Шалқар ауданы
  12. Ырғыз ауданы

Пайдаланылған әдебиеттер

А7 – Ақтөбе: Энциклопедия – Ақтөбе. “Отандастар-Полиграфия” ЖШС.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  1. ↑ 2015 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны
  2. ↑ http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation?_afrLoop=900615611442642#%40%3F_afrLoop%3D900615611442642%26_adf.ctrl-state%3Dwnztuifg9_17
  3. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
Қазақстан әкімшілік бірліктері

Қазақстан Республикасы

Облыстар: Ақмола | Ақтөбе | Алматы | Атырау | Батыс Қазақстан | Жамбыл | Қарағанды | Қостанай | Қызылорда | Маңғыстау | Оңтүстік Қазақстан | Павлодар | Солтүстік Қазақстан | Шығыс Қазақстан

Республикалық маңызы бар қалалар: Астана (елорда) | Алматы (оңтүстік елорда) | Байқоңыр (Ресейге жалға берілген)

Қазақстан қалалары | Қазақстан аудандары | Қазақстан кенттері | Қазақстан ауылдық округтері | Қазақстан елді мекендері

Экономикалық аудандары: Орталық Қазақстан | Шығыс Қазақстан | Батыс Қазақстан | Солтүстік Қазақстан | Оңтүстік Қазақстан

 

ақтөбе облысы, ақтөбе облысы ақын жазушылар, ақтөбе облысы мұнай өнеркәсібі таралуы, ақтөбе облысы әділет департаменті, ақтөбе облысында велосипед, ақтөбе облысының сайты, ақтөбе облысының әкімі


Ақтөбе облысы Туралы Ақпарат

Ақтөбе облысы


  • user icon

    Ақтөбе облысы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақтөбе облысы бұл, Ақтөбе облысы кім, Ақтөбе облысы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...