Fri .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақсу

ақсу жабағылы, ағынды менің ақсуым
 Басқа мағыналар үшін Ақсу (айрық) деген бетті қараңыз.


Таңбасы
ЕлҚазақстанҚазақстан
ОблысыПавлодар облысыПавлодар
КоординатасыКоординаттар:52°02′00″ с. е. 76°55′00″ ш. б. / 52.033333° с. е. 76.916667° ш. б. (G) (O) (Я)52.033333, 76.91666752°02′00″ с. е. 76°55′00″ ш. б. / 52.033333° с. е. 76.916667° ш. б. (G) (O) (Я)
ӘкіміБолат Бақауов
Бұрынғы атауыГлинка, Ермак
Қала статусы1961
Жер аумағы8089,66 км²
Ресми тіліқазақ тілі
Тұрғыны42 090 адам (2010)
Уақыт белдеуіUTC+6
Автомобиль коды14

Ақсу (1993 дейін — Ермак) — Қазақстан Республикасындағы Павлодар облысында Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 50 шақырымда Ертістің сол жағалауындағы қала. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, бастысында — Павлодармен, шығысында — Екібастұз қаласымен шектеседі. Халқының саны — шамамен 70 мың адам.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Жұрттануы
  • 3 Өнеркәсібі
  • 4 Мәдениеті
  • 5 Діни және білім берушілік өмірі
  • 6 Денсаулық және спорт
  • 7 Әйгілі адамдар
  • 8 Түсініктемелер

Тарихы

Тәуелсіздік стеласы

Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент:әкімшілік және жұмысшы дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан:саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады. Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды.

Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті.

1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді. Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып ата бастады.

1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы жағысжай жанындағы алаңда айуандықпен өлтірілген Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович бандылардың құрбаны болды.

Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН № 2189-ХІІ Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды.

Жұрттануы

Қала халқының саны шамамен 70 мың адамды құрайды, оның ішінде ауыл тұрғындары 29 мың адамнан астам.

Өнеркәсібі

Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын:Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды. 1960 жылдан бастап электр станциясының құрылысы басталды, оның бірінші директоры Новик Владимир Михайлович болды. 1968 жылғы 17 желтоқсанда ГРЭСте қуаттылығы 300 мегаватт алғашқы энергоблогы пайдалануға берілді және бірінші өнеркәсіптік ток берілді.

1996 жылғы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамына қайта құрылды.

Қала энергетиктерімен 2001 жылдың басынан бастап 5.580.7 миллион киловатт сағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді.

1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерінің құрылысы басталды. 1968 жылы қаңтарда зауытта ферроқорытпалардың бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылы шілдеде 8 қорыту пеші бар № 2 цехты іске қосу аяқталды. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры болыпТопильский Петр Васильевич тағайындалды. 1995 жылы кәсіпорын Қазхром Трансұлттық корпорациясының құрамына кірді. Осы кәсіпорындармен келесі әлеуметтік объектілер:дене шынықтыру-сауықтыру кешені, профилактория, жүзу һәуізі, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру орталығы сақталып қалды, содан басқа Баянауылда демалыс үйлері:Факел және Жасыбай сатып алынды. Қаланың ірі кәсіпорындары:

  • Қалалық су арнасы ААҚ,
  • Теловик ААҚ,
  • Ақсу электр желілері ААҚ,
  • Тұрмыс ЖАҚ коммуналдық шаруашылығы,
  • Ақсу ЖАКК ААҚ,
  • Ақсу нан зауыты ААҚ, Қалааралық және қала маңындағы тасымалдаулар ЖАҚ,
  • Парус фирмасы ЖШС.

Қалада 900-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олардың ішінде неғұрлым ірілері:

  • Қалқаман элеваторы АҚ,
  • Павлодар құс фабрикасы ЖШС,
  • Выбор ЖШС және т.б.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 500 млн. теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызмет көрсетулер жүргізетін 3835 адам еңбек етуде. Біздің қаламыздың маңызды стратегиялық объектісі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды арнасы болып табылады. Ертіс-Қарағанды арнасы — Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктеріне ауыз суды негізгі жеткізуші.

Мәдениеті

Қала үшін біздің қаланы ҚР солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратынАқсу-Дегелең темір жол желісі ашылуына арналған салтанатты митингке ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихи оқиға болып қалды. Ал ТЖ жағысжайының қалпына келтірілген ғимараты — біздің қаламыздың ең жарқын көрікті жерлерінің бірі.

Діни және білім берушілік өмірі

Қазақ гимназиясы

Қалада 6 діни бірлестігі, соның ішінде мешіт, православ шіркеуі, христиан-адвентистер жетінші күнінің шіркеуі, евангель христиан-баптистерінің қауымы жұмыс істейді.

Ақсу қаласының білім беру саласында 50 мекеме:27 мектеп (3 орталау), № 3 кәсіптік лицей, № 19 кәсіптік-техникалық лицей, қазақ гимназиясы, мектеп-лицей, 11 бастауыш шағын комплектілі мектеп; 3 мектептен тыс мекеме:Балалар шығармашылық үйі, өнер мектебі, жас натуралистер станциясы; 6 мектепке дейінгі мекеме; құқықтық, өндірістік және мәдени қызмет салаларында мамандарды дайындау бойынша күндізгі және сырттай оқытатын Жаяу Мұса колледжі; Павлодар мемлекеттік емес университетінің филиалы жұмыс істейді.

Қала тұрғындарының демалатын орны мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет үйі, ауылдық елді мекендердегі мәдени-бос уақыт орталықтары болып табылады.

Қала тұрғындарының қызметіне қалада 78 мың данадан астам кітап қоры бар, селолық округ кітапханаларымен модемдік байланыс жасайтын орталықтандырылған кітапхана жұмыс істейді. 2000 жылы біздің кітапханаға облыста алғашқылардың бірі болып электр поштасы арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша электронды жүйе енгізілді.

Денсаулық және спорт

Қаланың денсаулық сақтау құрылымына Ақсу орталық ауруханасы, Қалқаман ауылындағы ауылдық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, жедел жәрдем станциясы, 11 ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулатория кіреді, соның ішінде біреу жекеше.

Ақсу — спортсмендер қаласы. Қалада дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала тұрғындарының қызметіне жүзу һәуізі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 5000 орынға арналған стадион, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, қаланың шағын аудандарында және ауыл өңірінде спорт алаңдары бар.

Әйгілі адамдар

Кривенко Иван Илларионович - танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы

Түсініктемелер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Aksu

ағынды менің ақсуым, ақсу жабағылы, ақсу-жабағылы қорығы, ақсуат


Ақсу Туралы Ақпарат

Ақсу


  • user icon

    Ақсу beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақсу
Ақсу
Ақсу Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақсу бұл, Ақсу кім, Ақсу сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...