Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ақмола облысы

ақмола облысы аудандары, ақмола облысы
Қазақстан

Статусы:

Облыс

Кіреді:

17 аудан, 2 қала

Әкімшілік орталығы:

Көкшетау

Ірі қалалары:

Көкшетау, Степногорск, Щучинск

Құрылған уақыты:

1939 жыл

Әкімі:

Сергей Кулагин

Ресми тілі:

қазақ тілі

Тұрғыны (2015):

736 528 (4,23 %, 12 орын)

Тығыздығы:

5,1 адам/км² (6 орын)

Ұлттық құрамы:

қазақтар — 49,2%
орыстар — 34,5%

Жер аумағы:

146,2 мың км² (5,4 %, 9 орын)

Уақыт белдеуі:

UTC

Телефон коды:

+7 7162 xx-xx-xx

Пошта индекстері:

02xxxx

Автомобиль коды:

03

Ресми сайты Ақмола облысы Ортаққорда

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Кен байлықтары
  • 3 Климаты
  • 4 Өзен-көлдері
  • 5 Флора мен фаунасы
  • 6 Қалалары мен өнеркәсібі
  • 7 Ақмола облысының аудандары
    • 7.1 Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі
  • 8 Сыртқы сілтемелер
  • 9 Дереккөздер

Тарихы

Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс.1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз – Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

Кен байлықтары

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Өзен-көлдері

Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.

Флора мен фаунасы

Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.

Қалалары мен өнеркәсібі

Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы ] автомобиль жолдары өтеді.

Ақмола облысының аудандары

  1. Ақкөл ауданы
  2. Аршалы ауданы
  3. Астрахан ауданы
  4. Атбасар ауданы
  5. Бұланды ауданы
  6. Бурабай ауданы (Щучинск ауданы)
  7. Егіндікөл ауданы
  8. Еңбекшілдер ауданы
  9. Ерейментау ауданы
  10. Есіл ауданы
  11. Жақсы ауданы
  12. Жарқайың ауданы
  13. Зеренді ауданы
  14. Қорғалжын ауданы
  15. Сандықтау ауданы
  16. Целиноград ауданы
  17. Шортанды ауданы

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет). Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал. Облыс құрамындағы екі қала - Көкшетау мен Степногорск обыстық маңызға ие, 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучинск) аудандық басқару жүйесінде, сондай-ақ мұнда 17ауылдық аудан (кестені қараңыз), 14кент және 244 ауылдық округ бар.

Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Аудандар, қалалар атаулары Облыс, аудандар орталықтарыі Аумақ, мың шаршы км. Ауылдық және кенттік елді мекендер саны Көкшетау қаласына дейінгі қашықтық км. Ауылдық және кенттік округтар саны
Облыс Көкшетау қ. 146,2 665 259
Ақкөл Ақкөл қ. 9,4 34 203 11
Аршалы Аршалы кенті 5,8 35 364 13
Астрахан Астраханка а. 7,4 40 250 16
Атбасар Атбасар қ. 10,6 36 200 19
Бұланды Макинск қ. 5,1 38 120 11
Бұрабай Щучинск қ. 5,9 54 70 11
Егіндікөл Егіндікөл а. 5,4 14 410 9
Еңбекшілдер Степняк қ. 11 47 122 14
Ерейментау Ерейментау қ. 17,8 34 486 14
Есіл Есіл қ. 8 32 346 22
Жақсы Жақсы а. 9,7 33 280 16
Жарқайық Державинск қ. 12,1 24 380 19
Зеренді Зеренді а. 7,8 81 50 24
Қорғалжын Қорғалжын а. 9,3 22 470 8
Сандықтау Балкашино а. 6,4 44 110 15
Целиноград Ақмол а. 7,9 55 340 18
Шортанды Шортанды қ. 4,7 32 236 12
Степногорск қ. - 1,5 7 - 5
Көкшетау қ. - 0,4 3 - 2

Сыртқы сілтемелер

  • Ақмола облысы
  • Астана

Дереккөздер

  1. ↑ 2015 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы, Қазақстан Республикасы табиғаты
Қазақстан әкімшілік бірліктері

Қазақстан Республикасы

Облыстар: Ақмола | Ақтөбе | Алматы | Атырау | Батыс Қазақстан | Жамбыл | Қарағанды | Қостанай | Қызылорда | Маңғыстау | Оңтүстік Қазақстан | Павлодар | Солтүстік Қазақстан | Шығыс Қазақстан

Республикалық маңызы бар қалалар: Астана (елорда) | Алматы (оңтүстік елорда) | Байқоңыр (Ресейге жалға берілген)

Қазақстан қалалары | Қазақстан аудандары | Қазақстан кенттері | Қазақстан ауылдық округтері | Қазақстан елді мекендері

Экономикалық аудандары: Орталық Қазақстан | Шығыс Қазақстан | Батыс Қазақстан | Солтүстік Қазақстан | Оңтүстік Қазақстан

 

ақмола облысы, ақмола облысы аудандары, ақмола облысының денсаулық басқармасы


Ақмола облысы Туралы Ақпарат

Ақмола облысы


  • user icon

    Ақмола облысы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ақмола облысы
Ақмола облысы
Ақмола облысы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ақмола облысы бұл, Ақмола облысы кім, Ақмола облысы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті