Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ағылшындар


Ағылшындар (өз атауы и н г л и ш) — ұлт, Ұлыбританияның негізгі халқы. Саны 48,5 млн. Ұлыбританияда — 44,7 млн., Австралияда — 940 мың, ОАР-да 230 мың, Канадада — 100 мың, АҚШ-та — 650 мың, Үндістанда — 200 мың адам т.б. елдерде тұрады (1995 жылы). Еуропа нәсілінің атлант-балтық тармағына жатады. Тілі ағылшынша (қ. Ағылшын тілі). А-дың басым көпшілігі — католик, протестант-англикан және басқа діндерді тұтынады. Көне тайпалар (англдар, сакстар, юттар, фриздер) 5-6 ғасырда Британ аралдарына басып кіріп, жергілікті кельттерді (брит) Шотландия тауларына, Уэльс, Корноулға ығыстырды. Кент, Уэссекс, Суссэкс, Эссекс, Шығыс Англия, Нортумбрия, Мерсия королдіктері құрылды. 6-7 ғасырда ұйысқан Англо-саксондардың алғашқы мемл. бірлестігі 7-10 ғасырда дат, норвег, викинг басқыншыларына қарсы күресе отырып, олардың тілі мен мәдениетінен көп нәрсе қабылдады. 1066 ж. ылы англияны нормандар жаулап алды. Ел билігі норман барондарының қолына көшті де ақсүйектер негізінен француз тілінде сөйледі. 12-13 ғасырда англо-саксондар мен франк тілді нормандардың бір этносқа бірігу процесі аяқталды. 15 ғасырда ағылшын ұлты қалыптаса бастады. 17 ғасырдағы саяси рев. бұл процестің аяқталуын тездете түсті. 17-19 ғасырда А-дың Солтүстік Америкаға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Оңтүстік Африкаға қоныс аударып, жергілікті халықтармен араласуына байланысты ағылшын-канадтар, ағылшын-австралиялықтар, ағылшын-жаңазеландықтар, ағылшын-африкандықтар, фольклендтіктер, питкерндер т. б. ағылшын тілді халықтар пайда болды. Ағылшындардың басым көпшілігі қала тұрғындары (90%), өнеркәсіпте, саудада, әлеум. қамсыздандыру саласында еңбек етеді. Қалалықтардың жартысы 7 үлкен аймаққа (конурбацияға) шоғырланған, ең ірісі — Үлкен Лондон (6,9 млн.). Ауылдық жерлерде үйлер екі-үш қабатты болып салынады. Ұлттық киімдері сақталмаған. Ерлер костюмінің ең жақсы үлгілері осында шығарылады. Дәстүрлі ұлттық тағамдары: еттен жасалатын: ростбиф, бифштекс, бекон т.б; сұлы ботқасын (порридж), балықты көп қолданады. Сүйікті сусындары — сүт қатқан шай, ішімдіктен — сыра, виски. 16 ғасырда пуритан ілімі, аскетизм, діни нормаларды қатаң сақтау еңбексүйгіштікті қалыптастырды. Отбасы культі (менің үйім — менің қамалым) қатаң сақталады. Ұлттық спорт түрлері — футбол, крикет, бокс, хоккей, керлинг қаласы Англия, Ұлыбритания.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық нциклопедиясы”, 1 - том


Ағылшындар Туралы Ақпарат

Ағылшындар


  • user icon

    Ағылшындар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ағылшындар
Ағылшындар
Ағылшындар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ағылшындар бұл, Ағылшындар кім, Ағылшындар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...