Fri . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Аягөз

аягөз қайда барасың, аягөз өлеңі
Аягөз — Шығыс Қазақстан облысына қарайтын қала, Аягөз ауданының әкімшілік орталығы.

Қазақстанның шығысында, Аягөз өзенінің қос жағасында орналасқан. Стратегиялақ маңызы бар қала, қалада бірнеше әскери гарнизондар мен ПВО ракеталық әскери кешен орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Республикалық маңызды автожолдар мен Түркістан-Сібір магистралі өтеді: Алматы — Өскемен, Қарағанды — Аягөз — Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Халқы және құрамы
  • 2 Тарихы
    • 2.1 Атауы
    • 2.2 Алғашқы естеліктер
    • 2.3 Кеңестік кезең
  • 3 География
    • 3.1 Сағаттық белдеу
    • 3.2 Климат
  • 4 Транспорт
  • 5 Түсініктеме
  • 6 Пайдалы сілтемелер

Халқы және құрамы

2010 жылғы 1 қазанда өткен санақ бойынша ауданда 38 155 адам, соның ішінде қаланың өзінде — 37 593 адам тұрады.

Ұлттық құрамы (2010 жылдың 1 қаңтары бойынша):

  • қазақтар — 34 113 адам (93,02 %)
  • орыстар — 1 715 адам (4,68 %)
  • татарлар — 387 адам (1,06 %)
  • ұйғырлар — 128 адам (0,35 %)
  • немістер — 66 адам (0,18 %)
  • басқалар — 262 адам (0,71 %)
  • Барлығы — 36 671 адам (100,00 %)

2004 жылдың 28 мамырында Аягөзде Қазақстанның 15млн-шы тұрғыны саналуға құқығы бар 760 баланың бірі туған.

Жыл 1969 1989 1999 2004 2010
Халқы 37 800 41 400 41 500 34 400 38 155

Тарихы

Атауы

Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.

Алғашқы естеліктер

Алғашқы естеліктер XVI—XVII ғасырларға жатады, бұл өңірде «қазақтың Ромеосы мен Джульеттасы» — «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу өмір сүрген». Қаланың іргетасы 1831 жылы қаланған. 1831—1860жж. округтік қала болып, қасында ағып жатқан Аягөз өзеніне байланысты «Аягөз» атанды. 1860 ж. соң Сергиополь, толығырақ айтқанда Семей облысы, кейін Жетісу облысы Лепсі уезі Сергиополь стансасы атанды. Қазіргі таңда Сергиопольдің орнында Мамырсу ауылы орналасқан. Қазіргі қала сол ауылдың маңында 1931 ж. станса жанындағы кент ретінде пайда болған, ал Түркістан-Сібір темір жолының құрылуына байланысты 1939 жылы қала статусы мен Аягоз атауын алды, ол атауы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң қазақша транслитерацияға ұшырап «Аягөз» атанды.

Кеңестік кезең

Теміржол қаланың дамуына зор үлесін қосты. Қалада телеграф, алғашқы мектептер салына бастады да, халық саны өсе бастады; Тепловоздар мен паровоздарға қызмет көрсететін мекемелердің құрылысы, ауылдар мен кенттерден жастардың топтасып келуіне жол ашты. Заманауи қалаға лайық орта пайда болды: бүкіл КСРО-ға танымал «Аягөз ет комбинаты», май зауыты мен тері фабрикасы жұмыс істеді. Бұл өнімдердің жартысы КСРО-ның басқа аймақтарына жеткізілді. Содан кейін пима өндіретін зауыт, темір-бетон өнімдерінің зауыт, пивзавод өз жұмыстарын атқарды. Кейінірек қалада үлкен әскери гарнизон пайда болды. 70-ші жылдардан бастап қала дамуының шарықтау шегіне жетіп, Аягөзде белсенді құрылыс жұмыстары басталды, қала дамуының жоспары жасалды, бірақ бұлардың барлығына Кеңес одағының құлауы теріс әсерін тигізді.

География

Аягөз Сарыарқаның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалада шөлейт табиғат зонасы басым, Аягөз өзені ағады. Биіктігі теңіз деңгейінен 654м. Ең биік нүктесі қаланың шетінде, ал ең төмеңгісі Аягөз өзеніндегі теміржол көпірінің астындағы шұңқыр. Қала орографиясы әртүрлі: солтүстіктен қала төмеңгі релефте орналасқан. Оңтүстіктен қала белестермен қоршалған, қалаға төбелерден өтетін ирек жолмен кіреді. Шығыстан қарасақ қала төмен орналасқан сияқты болып көрінеді, өйткені Аягөз өзені дәл сол жерден кіреді. Ең төмеңгі жері - батыс, өзеннің ағып шығатын жағы, батыста таулы жерлер кездеседі, бұл аймақтағы таулар қаланың басқа жақтарына қарағанда биігірек.

Сағаттық белдеу

Аягөз қаласы, барлық Шығыс Қазақстан сияқты UTC+6 сағаттық белдеуінде орналасқан. 2004 жылдан бастап Қазақстанда жаздық уақытқа өту өз күшін жойған.

Климат

Аймақ климаты — шұғыл-континентті. Аудан шекарасы арктикалық бассейнге ашылған, алайда Үнді мұхиты әсерінен, Азияның таулы жүйелері арқылы бөлектелген.

Аягөздің ауа райын жергілікті гидрометеостанция тексереді. Орташа жылдық температура 3,5 °C құрайды. Жылдық экстремум темератураның қатты ауытқушылығы байқалады: қыста ол тіпті −45 °C жетеді, ал жазда +40 °C. Қаңтардың орташа температурасы −17°…−19 °С, шілденің +20°…−22 °С. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы — 66 %. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—400 мм. Қар қазанның аяғы мен қарашаның басында жауады да, сәуірге дейін жатады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,4 м/с құрайды. Аягөз әжептәуір желді қала. Қыста бұл жел болмашы жиырмаградустық суықта климаттың қатаңдығын айтарлықтай күшейтеді. Температура −30° төмен болғанда дауылдық ескерту жарияланып, мектептерде сабақтар болмайды. Абсолютті минимум ол −51 °С, абсолютті максимум — +42 °С.


Транспорт

Аягөз — Қазақстанның маңызды автомобиль, теміржол және әуе жолдарының бірі.

Аягөз өзенінен 3 көпір өтеді: 1 теміржолдық, 2 автомобильді (олардың бірі «жаңа» деп аталады).

Автомобиль жолдары

Қала республикалық маңызы бар жолда орналасқан: Оңтүстіктен солтүстікке қарай А-350 трассасы Алматы — Өскемен, ал батыстан шығысқа — А-345 трассасы Карағанды — Аягөз — Боғаз өтеді. Қаладан күн сайын мыңдаған автомобильдер өтеді. Жол торабына өткенде Аягөз Шетел-Есірткілер МАИ бекеті орналасқан, өйткені бұл жолдар Ресей мен Орта Азия елдерін және Қытайды қосады. Қала Қазақстанның басқа облыстарымен (Павлодар, Алматы) және Алматы, Өскемен, Семей, Павлоар, Талдықорған, сонымен қатар Шығыс Қазақстанның ауыл-аудандарымен автобусты байланыста. Қалалық транспорт автобустармен ұсынылған, қалада барлығы 14 бағыттағы автобус бар. Олар қаланың бірінші шетінен екінші шетіне дейін айналып жүреді. Олардың барлығы «Автобус паркі» ЖШС-не қарайды.

Түсініктеме

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ Пятнадцать миллионов — не предел
  3. ↑ Географические названия мира: Топонимический словарь. /Е. М. Поспелов; отв.ред. Р. А. Агеева. — 2-е изд., стереотип. — М.:Русские словари, 2002 ISBN 5-17-001389-2 ISBN 5-271-00446-5 ISBN 5-93259-014-9

Пайдалы сілтемелер

http://ayagoz.kz/ http://ayaguz.narod.ru/ http://ayagoz.coolkaz.kz

аягөз ару, аягөз тарихы, аягөз қайда барасың, аягөз өлеңі


Аягөз Туралы Ақпарат

Аягөз


  • user icon

    Аягөз beatiful post thanks!

    29.10.2014


Аягөз
Аягөз
Аягөз Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Аягөз бұл, Аягөз кім, Аягөз сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...