Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ашхабад

ашхабад ашхабад, ашхабад
Ашғабат — (түрікм. Aşgabat) Түрікменстанның елордасы. Копет-Дағ тауының етегіне орналасқан, тұрғыны 600 мыңдай адам

«Ақ мәрмәрдан соғылған қала» — түркімендер өз елінің астанасын осылай деп дәріптейді. Ашхабад (араб. — ғашық, парсы — мекен) — қала, Түрікменстан Республикасының астанасы (1924 жылдың қазанынан). Тұрғыны 941 221 адам (2010). Ежелгі дәуірлерде Ашғабаттың орнында Асхабад деген шағын елді мекен болған. Копетдаг тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214 — 240 м биіктікте орналасқан. Ұлы керуен жолының бойында тұрғандықтан ертеден маңызды қоныс саналған. М.Д. Скобелев басқарған Ахалтеке экспедициясы кезінде орыс отарлаушылары басып алып (1881 жылы 18 қаңтар), әскери бекініске айналдырды. 1885 жылы Түрікменстан терр-сында құрылған Ресейдің әкімш. бөлігі — Каспий жағалауы облысының орталығы болды. 1885 жылы Асхабад — Каспий және 1899 жылы Асхабад — Ташкент темір жол желісі салынуы нәтижесінде Ашғабат Орта Азиядағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. 1919 жылы 9 шілдеде Түркістан АКСР-інің орталығы болды. 1919 — 1927 жылы қала ақ гвардияшылармен шайқаста қаза тапқан Түркістан АКСР-інің Еңбек комиссары П.Г. Полто

Ашғабат көшесі

рацкийдің есімімен аталды. 1927 жылы тарихи-ұлттық атауы қайта берілді. 20 ғасырдың 1920 — 1980 жылы аралығында А. Түрікменстандағы ең ірі өнеркәсіп орталығына айналып, өндіріс орындарының шығаратын өнімдері 1913 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 100%-ке жуық артты. металл және машина жасау, электротехникалық, құрылыс материалдарын шығару, шыны жасау, мата тоқу, тамақ өнеркәсібі орындары, электр ст-лары салынды. Әсіресе, А-тағы кілем тоқу кәсіпорындарының бұйымдары дүн. жүзіне белгілі. 1969 жылы Байрам-Әли — Ашғабат — Безмеин газ құбыры іске қосылды. Ашғабат бірнеше рет Жер сілкінулерді бастан өткізді (1893, 1895, 1929). 1948 жылы 6 қазанда болған Жер сілкінуде түгелдей қираған қала қайта салынды. 1950 — 1960 жылы осы заманғы сәулет өнерін шығыстық әсем әдіппен ұштастырған Үкімет үйі, көпшілік кітапхана бой көтерді. Ашғабат — Республиканың мәдени және ғылым орталықтарының бірі. Мұнда жалпы, арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындары,Ғылым Академиясыныңсы, ғылыми-зерттеумекемелері бар. Мақтымұлы атындағы опера және балет театры, драма, қуыршақ театрлары, музейлер, баспалар, газет-журнал редакциялары жұмыс істейді.

Мазмұны

  • 1 Атауы
  • 2 Климат
  • 3 Қаланың туыстар
  • 4 Тағы қараңыз
  • 5 Дереккөздер

Атауы

Ашғабат деген сөздің өзі «ышық-абад» яғни, «ыстық абад» деген сөзден алынған екен.

Климат

  • Жылдық орташа мөлшер температура - +16,7C°
  • Жел жылдық орташа мөлшер жылдамдығы - 1,6 м/с
  • Ауа жылдық орташа мөлшер дымқылдығы - 56%

Қаланың туыстар

  • Анқара, Түркия
  • Альбукерке, АҚШ

Тағы қараңыз

  • Ашхабадтағы жер сілкінісі

Дереккөздер

  1. ↑ «Түрікменстан: алтын ғасыр»
  2. ↑ Ашхабад қаласының халық саны.
  3. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
  4. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5


ашхабад, ашхабад 2017, ашхабад ашхабад, ашхабад видео, ашхабад википедия, ашхабад мраморный город, ашхабад погода, ашхабад старый аэропорт, ашхабад столица, ашхабад фото


Ашхабад Туралы Ақпарат

Ашхабад


  • user icon

    Ашхабад beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ашхабад
Ашхабад
Ашхабад Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ашхабад бұл, Ашхабад кім, Ашхабад сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...