Tue . 19 May 2019

Ахемен әулеті


Ахемен әулеті — ежелгі парсы мемлекетіндегі патшалар әулеті. Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — Кир І, Камбиз І, Кир ІІ Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан Кир ІІ Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы Камбиз ІІ-мен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы Дарий І-ден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), Дарий І (522 — 486), Ксеркс І (486 — 465), Артаксеркс І (465 — 424), Ксеркс ІІ (424), Согдиан (424 — 423), Дарий ІІ (423 — 404), Артаксеркс ІІ (404 — 358), Артаксеркс ІІІ (358 — 338), Арсес (338 — 336), Дарий ІІІ (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі. Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. Дарий І тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.

Дереккөздер

  1. ↑ Али Акбар Деһхода, Деһходаның анықтама сөздігі, 1 т., Тегеран, 1961; Абдолазим Резои, Иранның он мың жылдық тарихы, 1 т., Тегеран, 1996.
  2. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том



Ахемен әулеті Туралы Ақпарат

Ахемен әулеті


  • user icon

    Ахемен әулеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ахемен әулеті
Ахемен әулеті
Ахемен әулеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ахемен әулеті бұл, Ахемен әулеті кім, Ахемен әулеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...