Wed . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ата-баба

ата-баба тарихы, ата бабалар
Ата-баба - санатының қазақ этносының дәстүрлі құрылымдық-функционалдық төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы - жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы. Алайда, бұл ұғым кейде жеті атадан тарайтын бақилық болған ұрпақтардың жалпы атауы ретінде де қолданылды. Екіншісі - туыстық-рулық қатынастардың іргелі принциптері мен нормалары бойынша белгілі бір тайпалық құрылымға кіретін жеті аталық рулардың ортақ ата тектерінің атауы. Үшіншісі — әрбір жүздің ата тектерінің атауы. Төртіншісі - қазақтардың (этнос ретіндегі) ортақ ата тектерінің атауы ретінде қолданылды. Ата-баба көшпелі этностағы көбінесе информациялық идеологиялық сипатты болып келетін вертикалды байланысты қамтамасыз ететін пәрменді институт болды. Сонымен бірге, бұл институт бүкіл этностың ауқымында ру-қауымаралық байланыстарды, ру-қауымаралық байланыстар арқылы ішкі тайпалық және тайпааралық байланыстарды, осы байланыстар арқылы жүздік және жүзаралық байланыстарды, яғни жалпы этникалық байланыстарды қамтамасыз ететін әлеуеттік күшке айналды. Аталмыш ішкі этникалық байланыстардың (горизонтальды) қажетті информациялық өрісі, тығыздыгы мен динамикасы сан алуан шежірелік аңыздар, мифтермен, сондай-ақ, жеті аталық экзогамиялық отбасылық некелік қатынастар, ру-қауымаралық, тайпааралық, жүзаралық ұйымдастыру, басқару және реттеу институттары арқылы қамтамасыз етіліп отырды. Информациялық байланыс (орыс. нфосвязъ) пен информациялық өріс (орыс. информационное поле) мәні және олардың институционалдық-идеологиялық функциялары жөнінде мына еңбекте зерттелінеді

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

ата бабалар, ата-баба тарихы


Ата-баба Туралы Ақпарат

Ата-баба


  • user icon

    Ата-баба beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ата-баба
Ата-баба
Ата-баба Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ата-баба бұл, Ата-баба кім, Ата-баба сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...