Sun . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Атасу кенді ауданы


Атасу кенді ауданыҚарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы темір-марганец, барит-полиметалл кендері орналасқан алқап.

Мазмұны

  • 1 Кен орындары
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Жатыс сипаты
  • 4 Дереккөздер

Кен орындары

60-қа жуық ірілі-ұсақты кендері бар. Ірілері: Қаражал темір-марганец кен орны, Қтай, Жәйрем полиметалл кен орны, Үшқатын марганец кен орны, Жомарт марганец кен орны, Қамыс, Керегетас, Бестөбе барит-полиметалл кен орны, Қылыш, Аққұдық.

Геологиялық құрылымы

Олар девон және тас көмір кезеңдерінің жанартаутекті және терригенді-карбонатты жыныстарынан тұратын Жайылма синклинорийінің бойында орналасқан.

Жатыс сипаты

Жалпы ұзындығы 140 км, ені 10-30 км. Жеке кен орындары бойынша марганецті және темірлі кен қабаттарының саны 4-5-тен 10-13-ке дейін, қалыңдығы 0,3-0,5 м-ден ондаған м-ге дейін жетеді. Кен денелерінің қимасында минералдар концентраты орналасқан: ортасында негізінен пирит және халькопирит шоғырланса, шет жағы галенит-сфалерит-баритпен қоршалған. Темір-марганец және барит-полиметалл кентастарының бұлай орналасуы оларды кешенді игеруге мүмкіндік береді. Ең ірі темір-марганец кендері (Батыс Қаражал, Үлкен Қтай, Шығыс Қаражал, Үшқатын-3) ашық әдіспен игеріледі. Кентастарды байытудан алынған шикізат Қазақстанның қара және түсті металлургия кәсіпорындарында өңделеді.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы I том



Атасу кенді ауданы Туралы Ақпарат

Атасу кенді ауданы


  • user icon

    Атасу кенді ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Атасу кенді ауданы
Атасу кенді ауданы
Атасу кенді ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Атасу кенді ауданы бұл, Атасу кенді ауданы кім, Атасу кенді ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...