Mon . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Аршалы ауданы

аршалы ауданы
Қазақстан

Статусы:

Аудан

Кіреді:

Ақмола облысы

Енеді:

12 ауылдық, 1 кенттік округ

Әкімшілік орталығы:

Аршалы

Құрылған уақыты:

1930 жыл

Әкімі:

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы

Ресми тілі:

қазақ тілі

Тұрғыны (2010):

24 330

Ұлттық құрамы:

орыстар (46,95%), қазақтар (28,87%), украиндар (7,56%), немістер (6,76%), белорустар (2,81%), татарлар (1,60%), басқалары (5,45%)

Жер аумағы:

5 800 км²

Уақыт белдеуі:

UTC+6

Пошта индекстері:

020200-020214

Автомобиль коды:

03, C

Аршалы ауданыАқмола облысының оңтстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,8 мың км². Тұрғыны 25,3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,3 адамнан келеді (2006). Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық, 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Аршалы кенті. Аудан 1928 ж. құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облысының құрамында болды. 1928 ж. Коммунист, 1935 ж. Вишневка ауданы болып аталды. 1997 жылдан Аршалы ауданы аталады. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абсолют биіктігі 600 метрден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңтүстік сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар. Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жерінен Есіл өз. және оның салалары Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б. Аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 538,9 мың га, оның 201,8 мың га-сы егістік, 6,5 мың га-сы шабындық, 300,0 мың га-сы жайылымдық жерлер. Аудан жері арқылы Астана – Қарағанды, АстанаПавлодар темір жол, АстанаҚарағанды автомобиль жолдары өтеді.

Мазмұны

  • 1 Ауылдық округтер
  • 2 Сыртқы сілтемелер
  • 3 Түсініктемелер
  • 4 Дереккөздер

Ауылдық округтер

  1. Александров ауылдық округі
  2. Ақбұлақ ауылдық округі
  3. Волгодон ауылдық округі
  4. Вячеслов ауылдық округі

Сыртқы сілтемелер

  • Информация о районе на сайте области

Түсініктемелер

  1. Ақмола облысының Статистика департаменті. 01.07.2010
  2. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2010 жылдың басындағы саны
  3. ↑ 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
  4. Қазақстан почталық индекстері

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

аршалы ауданы


Аршалы ауданы Туралы Ақпарат

Аршалы ауданы


  • user icon

    Аршалы ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Аршалы ауданы
Аршалы ауданы
Аршалы ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Аршалы ауданы бұл, Аршалы ауданы кім, Аршалы ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж