Sat .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Аргентина

аргентина гриль киев, аргентина хорватия
Координаттар:37°11′00″ о. е. 67°22′00″ б. б. / 37.183333° о. е. 67.366667° б. б. (G) (O)-37.183333, -67.366667

Аргентина (ис. Argentina), толық атауы Аргентина Республикасы (ис. República Argentina ) - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Тарихы
  • 3 Саясат
  • 4 Діні
  • 5 Әкімшілік құрылысы
  • 6 Дереккөздер

Географиясы

Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км². Халқы – 42,6 млн. адам (2013), мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауы (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі. Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9 – 20 С, шілдеде 23 – 30 С, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 900 мм. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман.

Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда, солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды. 1516 ж. испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау 15 ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық өңірлерге қарай ығысты. 1620 ж. жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 ж. Ла-Плата вице-корольдігі болып бөлінді. 19 ғасырдың басында Испанияның отарлық үстемдігі әлсіреп, енді бұл өңірге ағылшындар көз тіге бастады. Алайда жергілікті халық жасақтары 1806 – 07 ж. ағылшындардың екі дүркін шабуылын тойтарып, 1810 ж. Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды. Үкімет тәуелсіздік жолындағы күресті күшейтті. 1816 ж. 9 шілдеде Оңтүстік Американың біріккен провинциялары (осы күнгі Аргентина) өз тәуелсіздігін жариялады. 1826 ж. Аргентина Федеративтік Республикасы болып қайта құрылды. 19 ғасырдың 2-жартысында Еуропадан қоныс аударушылар лек-легімен ағылып, елдің халқы тез көбейді, экономика жедел өркендеді. 20 ғасырдың басында еуропалықтардан құралған аргентина ұлтының қалыптасу процесі аяқталды. Отаршылдар қырғынынан аман қалған аз ғана үндістер елдің қиыр оңтүстігі мен солтүстігін мекендеуге мәжбүр болды. 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталған әскери төңкерістер 1983 жылға дейін толастамай, Аргентина жарты ғасырдан астам уақыт әскери адамдардың билігінде болды (1955 – 58); 1966 – 73; 1976 – 83). Соңғы әскери режим билігі кезіндегі елдегі жағдай әсіресе 1982 ж. сәуір – маусым айларында Англия мен Аргентина арасындағы әскери жанжал кезінде шиеленісе түсті. Бұл соғыста Аргентина жеңіліс тауып, Фолкленд (Мальвин) аралдарында (Оңтүстік Атлантика) Ұлыбританияның үстемдігі орнады. 1983 ж. елде демократиялық өкімет қайта орнап, құқық билігі үстемдік алды. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады. Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия.

Тарихы

16 ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді – Аргентина – ‘күмісті’ деп атады.

Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді.

Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібірген еді. Еуропада өнеркәсіп қауырт дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты.

1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады.

Саясат

Діні

Әкімшілік құрылысы

Аргентина елордасы Буэнос-Айрес – қазір дүние жүзіндегі аса ірі қалалар мен порттардың бірі.

Аргентинада 24 провинция бар, олар:

  1. Буэнос Айрес Қаласы
  2. Буэнос Айрес Провинциясы
  3. Катамарка Провинциясы
  4. Чако Провинциясы
  5. Чубут Провинциясы
  6. Кордоба Провинциясы
  7. Корринтес Провинциясы
  8. Энтре Риос Провинциясы
  9. Формоса
  10. Джучу Провинциясы
  11. Ла Пампа Провинциясы
  12. Ла Риола Провинциясы
  13. Мендоза Провинциясы
  14. Мисионес Провинциясы
  15. Неукуен Провинциясы
  16. Рио Негро Провинциясы
  17. Салта Провинциясы
  18. Сан Жуан Провинциясы
  19. Сан Луис Провинциясы
  20. Санта Крус Провинциясы
  21. Санта Фе Провинциясы
  22. Сантиаго де Эстеро Провинциясы
  23. Тьерра де Фуего Провинциясы
  24. Тукуман Провинциясы

Аргентинаның ең үлкен қалалары:

Кордоба қаласы.Буэнос Айрес қаласы.Розарио қаласы.Салта.
ҚаласыПровинциясыЖұртыАймақ
1Буэнос-АйресҚаласы + 24 partidos Буэнос-Айрес Провинциясыда12,789,000Pampas
2КордобаКордоба Провинциясы1,372,000Pampas
3РозариоСанта Фе Провинциясы1,242,000Pampas
4МендозаМендоза Провинциясы885,000Cuyo
5ТукуманТукуман Провинциясы789,000 NOA (northwest) 
6Ла ПлатаБуэнос Айрес Провинциясы732,000Pampas
7Мар дел ПлатаБуэнос Айрес Провинциясы604,000Pampas
8СалтаСалта Провинциясы516,000NOA (northwest)
9Санта ФеСанта Фе Провинциясы493,000Pampas
10Сан ЖуанСан Жуан Провинциясы453,000Cuyo
11РезистенсияЧако Провинциясы377,000Gran Chaco
12Сантиаго де ЭстероСантиаго де Эстеро Провинциясы 357,000Gran Chaco
13КорринтесКорринтес Провинциясы345,000Mesopotamia
14Бахла БланкаБуэнос Айрес Провинциясы304,000Pampas
15Сан Салвадор де ДжучуДжучу Провинциясы298,000NOA (northwest)
16ПосадасМисионес Провинциясы287,000Mesopotamia
17ПаранаЭнтре Риос Провинциясы268,000Mesopotamia
18НеукуенНеукуен Провинциясы255,000Patagonia
19ФормосаФормоса229,000Gran Chaco
20Сан Фернандо дел Валле КатамаркаКатамарка Провинциясы196,000NOA (northwest)
21Сан ЛуисСан Луис Провинциясы192,000Cuyo
22Ла РиолаЛа Риола Провинциясы172,000NOA (northwest)
23Рио КуартоКордоба Провинциясы161,000Pampas

Дереккөздер

  1. ↑ Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population:2013.U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
  2. a b Report for Selected Countries and Subjects .
  3. ↑ INDEC
қ • т • өЛатын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили


аргентина, аргентина википедия, аргентина гриль киев, аргентина исландия, аргентина на карте, аргентина нигерия, аргентина франция, аргентина футбол, аргентина хорватия, аргентина ямайка 5 0


Аргентина Туралы Ақпарат

Аргентина


  • user icon

    Аргентина beatiful post thanks!

    29.10.2014


Аргентина
Аргентина
Аргентина Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Аргентина бұл, Аргентина кім, Аргентина сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...