Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Арагон

арагон, арагон запорожье
Испания

Әнұраны:

Himno de Aragón

Статусы:

Автономды бірлестік

Әкімшілік орталығы:

Сарагоса

Ірі қаласы:

Сарагоса

Президент:

Марселино Иглесиас

Ресми тілі:

испан тілі

Тұрғыны

1 269 027 (11 орын)

Тығыздығы:

26,18 адам/км²

Жер аумағы:

47 719 км² (4 орын)

Теңіз
деңгейінен биіктігі:
 • Ең биік нүктесі



 Ането 3 404 м

ISO 3166-2 коды:

ES-AR

Ресми сайты Координаттар: 41°00′00″ с. е. 1°00′00″ б. б. / 41° с. е. 1° б. б. (G) (O)41, -1

Арагон (ис. Aragón , кат. Aragó ) — Испанияның солтүстігінде орналасқан автономды бірлестік. Франциямен және автономды Кастилия — Ла-Манча, Кастилия және Леон, Каталония, Риоха, Наварра, Валенсия бірлестіктерімен шектеседі. Арагон күні 23 сәуір — аймақ қамқоршысы Әулие Георгий күні (ис. San Jorge).

Мазмұны

  • 1 Демография
    • 1.1 Тілі
  • 2 Физика-географялық сипаттамасы
    • 2.1 Рельеф
    • 2.2 Климаты
    • 2.3 Гидрография
  • 3 Тарихы
    • 3.1 Тәуелсіздік
    • 3.2 Карлистік соғыстар
    • 3.3 XX ғасыр
  • 4 Саясат
  • 5 Мәдениет
  • 6 Тағы қараңыз
  • 7 Сілтемелер

Демография

Аудан астаналарының халық саны:

  • Сарагоса (ис. Zaragoza) — 647 373.
  • Уэска (ис. Huesca) — 48 530.
  • Теруэль (ис. Teruel) — 33 238.

Басқа қалалар:

  • Калатаюд (Calatayud) — 20 263.
  • Эхеа-де-лос-Кабальерос (ис. Ejea de los Caballeros) — 16 941.
  • Монсон (ис. Monzón) — 15 806.
  • Барбастро (ис. Barbastro) — 15 778.
  • Альканьис (ис. Alcañiz) — 15 130.
  • Утебо (ис. Utebo) — 14 037.
  • Фрага (ис. Fraga) — 13 284.
  • Хака (ис. Jaca) — 12 553.
  • Тарасона (ис. Tarazona) — 10 875.
  • Сабиньаниго (ис. Sabiñánigo) — 9 023.
  • Бинефар (ис. Binéfar) — 8 890.
  • Каспе (ис. Caspe) — 8 206.
Ақпарат көзі INE (Instituto Nacional de Estadística - Ұлттық статистика институты), 1 қаңтар 2005.

1991 жылдың халық санағы бойынша Арагонда 1 178 000 тұрғын болды, бүкіл елдің 2,95%. Халық тығыздығы 25,2 адам/км² көрсеткішіне ие болды.

2005 жылы халық саны 1 269 027 дейін өсті. Бұл көрсеткіш Арагонның халқының жартысындай бөлігі Сарагосада тұратынын көрсетеді.

Тілі

Толық мақаласы: Арагонский язык

Арагон халқының көбісі кастиль (испан) тілінде, ресми тілде сөйлейді. Аймақтың кейбір аудандарында арагон және каталон тілдерінің иелері тұрады.

  • Кастильдық тіл ресми тіл болып есептеледі және аймақтың бүкіл территориясында тараған. Арагон тілінің ықпалынан жергілікті Кастильдық тілі өзіндік өзгешілік белгілерге ие.
  • Арагон тілінде Уэскенің кішігірім елді мекендерінде сөйлейді. Тіл иелерінің жуық саны — 12 000 адам.
  • Каталан тілінде Арагонның шығысындағы кейбір комаркаларда ғана сөйлейді, Франхада.

Тағыда қараңыз: Испан тілінің арагондық диалекті.

Физика-географялық сипаттамасы

Арагон жер аумағы 47 719 км² құрайды (Испанияның Андалусия, Кастилия — Ла-Манча және Кастилия және Леонннан кейінгі жер аумағы бойынша төртінші аймақ), соның ішіндегі 17 274 км² жері Сарагосаға, 15 636 км² жері Уэскаға және 14 808 км² жері Теруэлге тиесілі.

Рельеф

Валье-де-Ордеса

Арагондық Пиренеи тауларында осы тау жүйесінің Испания мен Францияны бөліп тұрған ең биік таулары орналасқан, соның ішіндегі ең үлкендері: Ането (ис. Aneto, 3 404 м), Монте-Пердидо (ис. Monte Perdido, 3 355 м), Пердигеро (ис. Perdiguero, 3 221 м), Котьелья (ис. Cotiella, 2 912 м). Пиренеиде Ордеса және Монте-Пердидо ұлттық паркі (ис. Parque Nacional de Ordesa y Monte Perdido) орналасқан.

Арагонский пейзаж, Сарагоса ауданы

Климаты

Арагонның климаты Жерорта теңіздік және континентальдік климаттарының аралығына жатқызуға болатындығымен, бұл территорияда ауданның орографиясына байланысты өзіндік микроклиматқа ие болатын жерлер көп. Орташа температуралар орналасу биіктігіне байланысты. Эбро алқабында қысы біршама жұмсақ болғанымен, жазы ңқ градусқа дейін көтерілуі әбден ықтимал. Таулы аудандарда қысы ұзағырақ болғанымен орташа температурасы алқаппен салыстырғанда 10 градусқа төменірек.

Гидрография

Сарагосадағы Эбро

Арагонның өзендерінің көбісі Эброның, ауданды екіге бөлетін және Испанияның ең сулы өзенінің тармақтары болып есептеледі. Өзеннің сол жағалауы тармақтарынан немесе Пиренеи тауларынан басталатын өзендерден, бастамасын Уэска ауданынан алатын, бірақ Наварра территориясында Эброға құйылатын Арагон, Гальего (ис. Gállego) және Эброға құйылуынан бұрын Сегремен (ис. Segre) қосылып кететін Синка (ис. Cinca) өзендері ерекше көзге түседі. Ал, оң жағалауында Халон (ис. Jalón), Уэрва (ис. Huerva) және Гуадалупе (ис. Guadalupe) ерекше көзге түседі.

Эбро арнасында, Каталониямен шекарасының маңында, Мекинен су қоймасы орналасқан (ис. Embalse de Mequinenza, 1530 гм³, ұзындығы — 110 км). Ел ішінде «Арагон теңізі» (ис. Mar de Aragón) атымен танымал.

Пиренеилерде ибон (ис. Ibones) атты кішігірім таулы көлдер орналасқан. Бұл көлдер соңғы мұз басудан пайда болған және әдетте 2000 метрден жоғары биіктіктерде орналасады. (Тағы қараңыз: Астанес).

Тарихы

Толық мақаласы: Арагон тарихы

Бұл жерлерге адамдар Римге дейінгі дәуірде келген, бірақ Арагон қазіргі Испанияның солтүстік аймақтарының көбісі сияқты Орта ғасырларда пайда болған. Арагон атауы алғаш рет екі Арагон (ис. Río Aragón) және оның тармағы Арагоном Субордан (ис. Río Aragón Subordán) өзендерінің арасында кішігірім франктік графтік пайда болған кезде, 828 жылы ресми тіркелген болатын. Арагон территориясы XI ғасырдың басына дейін Наварра корольдігіне кірген болатын.

Тәуелсіздік

Дарока қақпасы

1035 жылы Арагон дербес Корольдігі атанды. 1118 жылы Альфонс I королі, кейін Арагонның астанасы болған Сарагосаны жаулап алып мемлекеттің шек арасын Эбро өзеніне дейін кеңейтті. 1137 жылы Арагонмен Барселондық графтік қосылған болатын. Соңыра Арагонға Каталонияның басқа да жерлері қосылып, Арагон корольдері Барселон графтары болып тағайындалды. 1172 жылы Руссильон графтігі қосылды, 1229 – 35 жылдары маврлардан Балеар аралдары жауланып алынды (осы жерде 1276 жылы Мальорка егемен корольдігі құрылып, Арагонмен 1344 – 94 жылдары қайтадан жауланып алынды), 1238 жылы - Валенсия. 1282 – 1302 жылдар аралығында Арагон корольдері Сицилияда орналасты, 1326 жылы Сардинияда, 1442 жылы - Неаполитандық корольдікте.

Замок Лоарре

Арагон Корольдігі құрамында экономикалық тұрғыда жақсы дамыған, өзінің айтарлықтай дербестігін сақтап тұрған Каталония және Валенсия еді. Шынында, экономикалық тұрғыда Арагон артта қалып қойған аудандардың бірі болатын. Сонда да, саясатты өктемділік Арагонға тиесілі болатын. Арагонның мықты топтасқан ақсүйектері өзін Арагонның тұрғындарын ғана емес, оның өктемдігінде жатқан жерлердің де тұрғындарын пайдалануды айрықша құқықпен қамтамасыз етті. XIII – XIV ғасырларда Арагон және Каталонияда басыбайлы шаруа құқығы күшейді (Арагонда XVII ғасырға дейін сақталды, ал Каталонияда 1486 жылы жойылды). Арагон корольдерінің саясаты кортестермен (Арагонда 1071 жылы пайда болған, ақсүйектердің мүдделерін қамтып корсететін) анықталатын. Педро III (1276—85) «Генеральная привилегия» 1283 жылы және Альфонс III (1285—91) «Привилегия унии» 1287 жылы ақсүйектерге өз бостандығын қарумен қорғауға құқық берді (корольді тақтан тайдыруға да құқық берген). XIV ғасырда «Привилегия униидің» жойылуы ақсүйектердің мемлекеттің басқару ісіне араласуына шек қойды, бірақ феодалдардың шаруалардан билік артықшылығы толығымен сақталды.

Арагондық Фернандо II және Кастильдық Исабель I 1469 жылы Вальядолидте өткен некелесуі екі мемлекетің қосылуына әкелді.

Карлистік соғыстар

Испандық мұра үшін соғыс уақытында Арагон, Каталония, Валенсия және Мальорка бурбондық үміткер Фелипе V қарсы соғыста эрцгерцогты Карлды (archiduque Carlos) ( Габсбург әулетінен) қолдады. 1707 жылы болған Альманстың маңындағы соғыстан кейін Фелипе V Арагондық фуэросты (құқық), Арагонның ескі заңдарын жойып, бірнеше орталықтандыру шараларын қабылдады. Арагон провинцияға айналып кетті

1822 жылғы Испанияның бірінші провинциалды жүйесін құру барысында, Арагон 4 ауданнан тұран болатын. Калатаюд төртінші аудан болып Фернандо VII кетуіне дейін және либералдардың соңына дейін қала берген. 1833 жылы болған екінші территориалды реформадан кейін үш аудан (Уэска, Теруэль и Сарагоса) ғана қалды. XIX ғасырдың барысында жаңа жақтастарды іздеген карлистер бұрынғы фуэросты қайтадан орнатуды ұсынған болатын.

XX ғасыр

1982 жылдың 10-шы тамызында мемлекет басшысы және өкіметтің төрағасы кортестермен қабылданған органикалық заңға қол қойды. Бұл заңда Арагонның автономиялығы туралы статут жазылған. 1992 жылы 7-ші мамыр күні Арагондық кортестердің арнайы комиссиясы Арагон кортестерімен және Испаниямен қабылданған заңға жаңа еңгізулер қабылдады.

Саясат

Арагонның автономиялығы туралы статуттың бірінші бөлімі бойынша, Арагонда саясатты билікке ие институттар: Арагондық кортестер, Төраға, Арагонның бас депутациясы және Арагонның жоғарғы төрешісі («Юстиция»).

Арагондық Кортестер

Арагондық Кортестер Арагонның заң шығарушы орны болып есептеледі. Кортестер құрамына қазіргі кезде 5 партияға бөлінген 67 депутат кіреді (PSOE, PP, PAR, CHA, IU). Кортестер Альхаферия сарайында орналасады.

Кортестегі орын бөлінуі (2006):

  • PSOE: 27 орын.
  • PP: 22 орын.
  • CHA: 9 орын.
  • PAR: 8 орын.
  • IU: 1 орын.

1999 жылдың 2 тамызынан бастап Үкімет Төрағасы Марселино Иглесиас Рикоу (Marcelino Iglesias Ricou).

Бас депутация —Арагон Үкіметі — Төраға және кеңесшілерден тұрады(ис. consejeros). Депутация Пиньятелли (ис. Pignatelli) ғимаратында орналасады.

Арагонның бас төрешісі («Юстиция») — бұл лауазым омбудсман лауазымына ұқсас (Испанияда - «Халық қамқоршысы», Defensor del Pueblo), міндетіне арагондықтардың құқығы мен бас бостандығын қорғау болып есептеледі. Армихо (ис. Palacio de Armijo) сарайында орналасқан.

Арагонның үкіметінің консультациялық органы «Арагонның экономикалық және әлеуметтік кеңесі» (ис. Consejo Económico y Social de Aragón) және «Заңдық консультациялық комиссиясы» (ис. Comisión Jurídica Asesora).

Мәдениет

Арагонская волынка

Арагондықтардың ұлттық биі хота деп аталады. Арагондық музыкада дәстүрлі түрде чикотен, чифло (флейта), гайта де бото (волынка), дульсайна және аккордеон аспаптары қолданылады. Кейбір аудандарда би маврлармен және христиандар арасындағы соғысты бейнелеп, семсерлермен орындалады,

Тағы қараңыз

  • Арагон әнұраны
  • Арагон елтаңбасы
  • Арагон туы
  • Баррас де Арагон

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Aragon
  • Арагон үкіметі  (исп.)
  • Арагон кортестері  (исп.)
  • Gastronomía Aragonesa  (исп.)
  • Gran Enciclopedia Aragonesa  (исп.)


Арагон провинциялары
Сарагоса • Теруэль • Уэска

арагон, арагон запорожье, арагон канцтовары, арагон рязань, арагон смотреть онлайн, арагон фильм, арагон хабаровск, арагон ярославль, арагонит, арагонская хота


Арагон Туралы Ақпарат

Арагон


  • user icon

    Арагон beatiful post thanks!

    29.10.2014


Арагон
Арагон
Арагон Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Арагон бұл, Арагон кім, Арагон сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...