Sat . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Арабтар


Арабша, Қазіргі заманғы оңтүстік араб тілі, Араб тілінің диалекттері

Діні

Басым көпшілігі Ислам дінінде; азшылық ұстанатын діндер ішіндегі ең үлкені: Христиан діні; өзге де діндер

Этникалық топтары

Еврейлер, өзге де Афро-Азиялық топтар

Арабтар (әл-араб) — Солтүстік Африка мен Батыс Азиядағы араб елдері халықтарының үлкен тобы. Бахрейнде, Иорданияда, Иракта, Йемен Республикасында, Катарда, Кувейтте, Ливанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Оманда, Сауд Арабиясында, Солтүстік Сахарада (маврлар), Египетте, Ливияда, Мавританияда, Мароккода, Суданда, Тунисте, Израильде, Палестинада, Түркияда, Иранда, Ауғанстанда, Индонезияда т.б. елдерде тұрады. Араб диаспорасы Батыс Еуропада, Батыс және Оңт. Африкада т.б. елдерде де бар. Жалпы саны 199 млн. адам (1992). Араб тілінде сөйлейді. Араб жазуын қолданады. Діні — мұсылман-сунниттер. Ислам дінінің шейіт, друз, нусайрит, ибадит ағымдарын тұтынатындар, христиан-коптар, православие дінін ұстанатындар да бар. Шаруалары (феллахтар) егіншілікпен, көшпелі мал шаруашылығымен, бау-бақша өсірумен айналысады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2 ғ-да түйені қолға үйретіп, көшпелі түйе өсірумен шұғылданған. Арабия түбегінің автохтон тұрғындары — бәдәуилер. Алғашқы араб мемлекеттері — Пальмира (Тадмор), Набатц, Лихьян, Гассан, Лахм, Кинда араб тайпаларын бір этносқа біріктіре алмады. Бірігу ислам дінінің пайда болуымен, Араб халифатының құрылуымен аяқталады. 7 ғ-дың 1-ширегінде Арабтардың көп елді бағындыруына орай “араб” этнонимі тұтас бір халықтың атына айналды. 19 ғ-да Осман империясының ыдырауы, 20 ғ-дағы Еуропа отаршылығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс — Арабтардың азат болуына және ұлт болып қалыптасуына тікелей әсер етті.Көшпелі, жартылай көшпелі Арабтардың дәстүрлі баспанасы — ешкі терісі немесе кенептен істелген төрт бұрышты шатыр, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрған. Шаруалар бір қабатты үй сыртын дуалмен қоршап тастайды. Тұрған жеріне қарай сазбалшықтан, тастан қаланған үйлер, шетеннен тоқылған күркелер де кездеседі. Арабтардың күмбезді діни және қалалық сурет өнері (Дамаск, Бағдад, Каир, Кордова, Иерусалим т.б.) әлемдік өркениет тарихында соны сипатымен ерекшеленеді. Ұлттық киімдері — кең белдемшелер (фута), басқа орайтын шалмалар, жеңсіз желбегейлер, ұзын көйлектер. Әйелдер жүзік, алқа, білезіктер, мұрын сырға, әшекей салпыншақтар тағады. Бәдәуи әйелдерінде беттерін, алақандарын, табандарын бояп сурет-тыртықтар салу ырымы кездеседі. Әйелдері жүздерін бүркеп жүреді. Бәдәуилердің ұлттық тағамы — түйе сүті, бидай, арпа, тары, жүгері наны, құрма. Отырықшылар әр түрлі ботқаларды, ешкі сүтін, қой ірімшігін, жеміс-жидек, көкөністерді мол пайдаланған. Ислам ережелері бойынша арақ-шарап, шошқа еті — харам. Ораза ұстау — парыз. Арабтардың фольклоры, классикалық поэзиясы мен музыкасы жақсы дамыған. Басты саз аспаптары: бубен, барабан, лютня, бір ішекті ыспалы ребаб. Мұнай кеніштерінің игерілуі, өнеркәсіптің дамуы, көшпелілердің отырықшылануы, қала тұрғындарының күрт өсуі Арабтар тұрмысын сәулеттендірді.

Мазмұны

  • 1 Архитектурасы
  • 2 Әдебиеті
  • 3 Дереккөздер
  • 4 Және

Архитектурасы

Әдебиеті

Дереккөздер

  1. ↑ Margaret Kleffner Nydell Understanding Arabs: a guide for modern times, Intercultural Press, 2006, ISBN 1-931930-25-2
  2. ↑ France. Worldstatesmen.org. Retrieved on 2011-01-03.
  3. ↑ Argentina. Worldstatesmen.org. Retrieved on 2011-01-03.
  4. ↑ CIA – The World Factbook. Cia.gov. Retrieved on 2011-01-03.
  5. ↑ Selected Social Characteristics in the United States: 2006
  6. ↑ Iran, CIA factbook (1% Arabic-speakers and 3% ethnic Arabs)
  7. ↑ WorldStatesmen.org – Mexico
  8. ↑ 5,598,691 foreign population in Spain (2009), Spanish National Statitistic Institute press report, INE (Spain). June 3, 2009. (Spanish)
  9. ↑ toplumsal yapı araştırması 2006: Bu düzenlemeyle ortaya çıkan tabloda Türkiye’de yetişkinlerin (18 yaş ve üstündekilerin) etnik kimliklerin dağılımı ... % 0,7 Arap ... şeklindedir.
  10. ↑ Instituto Brasileiro de Geografia e Estatística
  11. ↑ Kister, M.J. "Ķuāḍa." Encyclopaedia of Islam. Edited by: P. Bearman , Th. Bianquis , C.E. Bosworth , E. van Donzel and W.P. Heinrichs. Brill, 2008. Brill Online. 10 сәуір 2008: "The name is an early one and can be traced in fragments of the old Arab poetry. The tribes recorded as Ķuḍā'ī were: Kalb , Djuhayna , Balī, Bahrā' , Khawlān , Mahra , Khushayn, Djarm, 'Udhra , Balkayn , Tanūkh and Salīh"
  12. ↑ Serge D. Elie, "Hadiboh: From Peripheral Village to Emerging City", Chroniques Yéménites: "In the middle, were the Arabs who originated from different parts of the mainland (e.g., prominent Mahrî tribes10, and individuals from Hadramawt, and Aden)". Footnote 10: "Their neighbours in the West scarcely regarded them as Arabs, though they themselves consider they are of the pure stock of Himyar.”
  13. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Және

  • Қожа



Арабтар Туралы Ақпарат

Арабтар


  • user icon

    Арабтар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Арабтар
Арабтар
Арабтар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Арабтар бұл, Арабтар кім, Арабтар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...