Fri .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ангела Меркель

ангела меркель, ангела меркель биография
Ангела Доротея Меркель (нем. Angela Dorothea Merkel; 17 тамыз 1954 Гамбург) — немic саяси және мемлекеттік қайраткер, Германиянын 8-шi Федералды канцлерi (2005 жылдан бастап). Германиянын алғашқы әйел-канцлерi. Христиан демократиялық одақтын басшысы. Бірнеше рет Forbes журналының әлемнің ең ықпалды әйелдер тізімін басқарды.

Мазмұны

  • 1 Жастық шағы
  • 2 Ғылым Академиясында жұмысы
  • 3 Саяси мансабының басталуы
  • 4 Министрлік жұмысы
  • 5 Федералдық канцлер
  • 6 Дереккөздер
  • 7 Сілтемелер
  • 8 Тағы қараңыз

Жастық шағы

Ангела Меркель 1954 жылы 17 шілде күнi Хорст Каснер (1926—2011) және Герлинда Каснер (т. 1928) отбасында, Гамбургте дүниеге келген. Хорст Каснер Гейдельберг және Гамбург университетінің теология ғылымын оқыған. Оның әйелі Герлинда латын және ағылшын тілдерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ангеладан басқа тағы екі баласы болды:ағасы Маркус (т. 1957) мен апасы - Ирена (т.1964). 1961 жылы, Ангела Каснер Темплин орта политехникалық мектептiн бірінші сыныбына барды. Мектеп жылдарында, сыныптастары мен оқытушылардың естеліктері бойынша, Ангела түспес қыз болды. 1973 жылы Ангела орта мектебінің емтихандарын тамаша тапсырды. Мектепте Ангела Карл Маркс атындағы Лейпциг университетінің физика факультетіне түсу туралы шешім қабылдады және 1973 жылы Лейпцигке көшті. 1974 Ангела өзінің алғашқы күйеуі физика студенті Ульрих Меркельмен кездесті. Үйлену 1977 жылы 3 қыркүйек күнi Темплин шіркеуінде өтті. 1978 жылы өзiнiн диссертациясын жақсы бағамен қорғады.

Ғылым Академиясында жұмысы

Ильменау Жоғары техникалық мектепке орналасуы сәтсіздікпен аяқталғаннан кейн Меркель ерлі-зайыптылар Берлинге көшті. Ангела ГДР Ғылым академиясының Физикалық химия Орталық институтына жұмысқа орналасты. 1981 жылы ерлі-зайыпты ажырасқан (ресми түрінде 1982). 1984 жылы, жұмыста, Ангела Меркель оның қазіргі күйеуі Иоахимом Зауэрмен кездесті, олар 1998 жылы үйленді. Ангела Меркель теориялық химия кафедрасында жұмыс істеген. Оның ғылыми жетекшісі Орталық институтында теориялық химия бастығы - Луц Цюликке болды. Жаратылыстану ғылымдары докторы дәрежесін алғаннан кейін, Клаус Ульбрихт басқарған аналитикалық химия кафедрасына көшті. Жұмыста Ангела Меркель саяси өміріне белсенді араласып, Еркін неміс жастар одағы аудандық комитетінің мүшесі және үгiт пен насихатқа хатшысы болды.

Саяси мансабының басталуы

Берлин қабырғасы құлағаннан кейін түбегейлі өзгерістер аясында Ангела Меркель өзінің саяси мансабын бастады. 1989 жылдың желтоқсан айынан бастап «Демократиялық серпіліс» жаңа партиясында уақытша компьютер әкімшісі болып, ал 1990 жылдың ақпан айынан бастап партия төрағасы Вольфганг Шнур штатында референт болып жұмыс атқарады. Кейінірек ол Баспасөз хатшысы лауазымын алды. Ангела Меркельдің мүше болған партияның 18 наурыздағы 1990 жылғы өткен Халық палатасына бірінші еркін сайлауы жеңіліспен аяқталды:партия тек 0,9% дауыс жинады. Алайда, сайлау блогынын басқа партиясы - Христиан-демократиялық одақ күтпеген нәтижеге жетуiне (41% дауыс) байланысты «Германия үшiн альянсы» сайлау жеңімпазы болып шықты. Сайлау коалиция мүшелерінің арасында портфельдерінің бөлу кезiнде Ангела Меркель баспасөз хатшысының орынбасары лауазымын алған. Германия біріккеннен кейін Меркель Германия Федеративтік Баспасөз және ақпарат кеңсесінде (нем. BPA) министрлік кеңесшісі лауазымын алды. BPA жұмысқа орналасқаннан кейiн, Меркель Бундестагтын депутаты болу туралы шешім қабылдады. 1990 жылдын 20 желтоқсанда Ангела Меркель депутаттық мандатын алды.

Министрлік жұмысы

1991 жылдын 18 қаңтарында әйелдер мен жастар жөніндегі федералдық министрі ретінде ант бередi. Осы лауазымда Ангела Меркель үш жыл жұмыс істейді (1991-1994). 16 қазан 1994 жылғы Бундестаг келесі сайлауда кейін, Ангела Меркель Гельмут Коль үкіметiнде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі федералдық министрі портфелін алады.

Федералдық канцлер

2000 жылдын 10 сәуірiнде Эссенде өткен Христиан-демократиялық одақтын федералды партиялық съезінде Ангела Меркель партиянын жаңа төрағасы болып сайланады. 2002 жылғы Парламенттік сайлауында жеңіліс тапқаннан кейiн, Ангела Меркель Фридрих Мерц орнына ХДО/ХСО парламенттік фракциясының көшбасшысы болуға шешім қабылдады. 2002 жылғы 11-12 қарашада Ганноверде өткен ХДО федералдық конгресінде Ангела Меркель партия төрағасы ретінде қайта сайланды. Ангела Меркель оппозицияның көшбасшы атанды. 2005 жылғы 18 қыркүйекте ерте Парламенттік сайлауында Германия социал-демократиялық партиясы үкімет коалициясы және «жасылдар» парламентте басым көпшілігін жоғалтты. 10 қазанда ГСДП, ХДО және ХСО Бундестаг сайлауында Ангела Меркельдi Германия Федералдық канцлері лауазымына таңдау туралы олардын қоса беріліп отырған келісімiн жариялады. 2005 жылдын 22 қараша күнi Ангела Меркель Германияның Федералды канцлері лауазымына сайланды. Ол бірінші әйел Федералдық канцлері және Германия тарихында ең жас (51 жыл) Федералдық канцлері атанды.

Дереккөздер

  1. ↑ http://m.forbes.ru/article.php?id=239215 Forbes-тың 2013 жылдың Әлемдегі ең ықпалды әйелдер рейтингі
  2. ↑ http://inosmi.ru/world/20130528/209441745.html Ангела Меркель туралы белгісіз 10 факт
  3. ↑ Wolfgang Stock:Angela Merkel:eine politische Biographie. Neuauflage. München 2005, ISBN 3-7892-8168-9

Сілтемелер

  • Wolfgang Stock:Angela Merkel:eine politische Biographie. Neuauflage. München 2005, ISBN 3-7892-8168-9

Тағы қараңыз

Үлкен сегіздік басшылары

Дэвид КэмеронАнгела Меркель •Энрико Летта •Стивен Харпер
Владимир Путин •Барак ОбамаФрансуа Олланд •Синдзо Абэ

 

ангела меркель, ангела меркель биография, ангела меркель в молодости, ангела меркель википедия, ангела меркель во весь рост, ангела меркель голая, ангела меркель дочь гитлера, ангела меркель молодая, ангела меркель нудист, ангела меркель фото


Ангела Меркель Туралы Ақпарат

Ангела Меркель


  • user icon

    Ангела Меркель beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ангела Меркель
Ангела Меркель
Ангела Меркель Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ангела Меркель бұл, Ангела Меркель кім, Ангела Меркель сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...