Thu .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Альпі

альпійська балада, альпійський патруль
 Франция
 Италия
Швейцария
 Германия
 Аустралия
Лихтенштейн
Словения
Монако

Пайда болған кезеңі

Олигоцен

Аумағы

190 000 км²

Ұзындығы

1 200 км

Ені

260 км

Ең биік шыңы

Монблан

Биіктігі

4810 м

Ортаққордағы санаты

Альпі, Альпі тау жүйесі (фр. Alpes, нем. Alpen, итал. Alpi, словен. Alpe)  – Батыс Еуропадағы ең биік таулар. Ол – Жерорта теңізінің солтүстігінде Легури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатыр; доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең биік нүктесі – Монблан шыңы (4810 м). Альпі (кельтше – alp биік тау, ежелгі түркі тілінде – алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі жоталар мен тау сілемдерінен тұрады.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Геологиясы
  • 3 Альпі фаунасы мен флорасы
  • 4 Альпінің фаунасы
  • 5 Дереккөздер

Географиясы

Сілемдер аралығын Рона, Рейн, Бодо – Комо тау аңғарлары бөліп жатыр. Тас және темір жолдар өтетін Сен-Готард, Симплон, Миоан-Ромодоссола, Бриг – Лозанна, Үлкен Сен-Бернар (2400 м) туннельдері аймақтағы бірнеше мемлекетті байланыстырады. Тау жүйесі орографиялық жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бөлінеді. Олардың арасындағы шартты шекара солтүстігінде Боден көлінен, оңтүстігінде Комо көліне дейінгі тектоникалық аңғармен өтеді. Батыс Альпінің сырт жақ беткейі кең әрі біршама жайдақ, ал ішкі жақ беткейі жарқабақты болып келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңдары (Монблан, Монте-Роза, Пельву) осы бөлігінде орналасқан. Тау жүйесінің орталық торабына альпілік жер бедері тән. Ландшафтысында биіктік белдеулер айқын байқалады. Тау етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м) климаты қоңыржай және ылғалды. Бұл белдеулер жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген.

БаварияPine trees above the Aletsch Glacier, Valais

Геологиясы

Тау жүйесі альпілік қатпарлану кезінде түзілген. Қатпарлану жүйесінің негізі кембрийге дейінгі кристалды жыныстардан (гнейс, слюдалы тақтатас) және жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан тұрады. Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық эрозиясы үлкен рөл атқарған. Кен байлықтары:темір, мыс кентастары, қоңыр көмір, тұзындығы Солтүстік Батыс бөлігіндегі жоталарда жылына 1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы көбіне бұлтты, тұманды болып тұрады. Ішкі жоталарда, қазаншұңқырлар мен аңғарларда жауын-шашын 1000 мм-ден аз. Альпі – Батыс Еруопаның аса үлкен су торабы. Өзендер өте көп. Олар қар, мұз, жаңбыр суымен толығады. Аса ірі өзендері:Рона, Рейн, По. Көлдері:Боден, Цюрих, Комо, т.б. Топырақ жамылғысында негізінен орманның қоңыр түсті топырағы, күлгін және таудың сұр топырағы басым.

Альпі фаунасы мен флорасы

Түлкі, қасқыр, бұғы, тиын, жабайы мысық кездеседі. Жаз айларының орташа температурасы 10 – 15ӘС, қыста -4 – 8ӘС. Субальпілік белдеудің (2300 метрге дейін) климаты суық, желі қатты болады, қары қалың түседі. Тау беткейлері тік жарлы. Белдеуде биік таудың бұталы және шалғынды өсімдіктері өседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады, жазы қоңыр салқын әрі қысқа. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеудің (2500 – 3000 м) климаты қатал, біршама құрғақ. Онда қоңыраубас, қоғажай, көкнәр, т.б. өсімдіктер өседі. Одан әрі нивальдық белдеу орналасқан. Бұл белдеу тасты, мұзды болып келеді. Альпіде антропоген дәуірінде 4 рет мұз басу болды. Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км², 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы мұздықтар бар.

Альпінің фаунасы

Дереккөздер

  1. ↑ Новые известия 05.11.2009
  2. ↑ Какова высота Монблана в 2013 ж.

альпі тауы, альпійский сад, альпійська балада, альпійська болонка фото, альпійська гірка, альпійський двір, альпійський патруль, альпійські горки, альпіна, альпінізм


Альпі Туралы Ақпарат

Альпі


  • user icon

    Альпі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Альпі
Альпі
Альпі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Альпі бұл, Альпі кім, Альпі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...