Tue . 19 Mar 2019

Алтай (қала) — Уикипедия


Зыряновск - Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан, Алтай ауданының әкімшілік орталығы болып табылады Қала халқы 2008 жылдың 01 қаңтарына алғанда 41085 адамды құрады Қала негізі 1791 жылы салынған, қазіргі бар шекарасы 1941 жылы құрылған Қала экономикасының негізін құрайтын - өнеркәсіп Мұндағы пайдалы қазбалар өнеркәсіптің салалық бағытын айқындайды Базалық саласы – кен өндіру Қаланы құрып тұрған кәсіпорын «Казцинк» ЖШС Зырян кен байыту кешені Қалада 7 өнеркәсіптік, 5 құрылыс кәсіпорындары, 1611 орта және шағын бизнес субъектілері қызмет етеді Қала тіршілігін екі мемлекеттік кәсіпорын «Су Арнасы» мен «Жылу орталығы» қамтамасыз етеді

Қала автобустық жолдар, темір жол арқылы жақын жатқан елді мекендермен және облыс орталығымен қатынасады Негізгі жүк тасымалдау қызметін жолаушылар тасымалдау саласында – «Дилер Восток», жүк тасымалдау саласында – «Казцинк-Транс» ЖШС, «Колор» ЖШС атқарады Көліктік қамтамасыз етумен «Эксперимент» ӨК, жеке кәсіпкерлер айналысады Телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ Зырян аудандық телекоммуникация торабы қамтамасыз етеді Орта және шағын бизнес кәсіорындары тамақ өнімдерін, тігін өнімдерін дайындаумен, сауда қызметін көрсетумен және тб айналысады Қалада 5 жалпы білім беру мектебі, 2 бастауыш мектеп, 2 мектеп-интернат, 2 балабақша, Д Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттер мен оқушыларды жалпытехникалық және жоғарғы оқу орындарына дейін дайындайтын орталық, № 10 кәсіптік мектеп, ҚНұрғалиев атындағы колледж филиалы, «Гиппократ» медициналық колледжі, Аграрлық техникалық колледж, құрылыс және транспорт колледжі, «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК бар Қаладағы денсаулық сақтауда 11 мекеме бар Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ «Орталық аудандық-қалалық аурухана» КМҚК, «Зырян қаласының медициналық орталығы» КМҚК, 3 алғашқы медико-санитарлық көмек орталығы бар Қала халқы мен қонақтарына мәдени қызметті «Мәдениет орталығы», «Алтай ауданы-Зырян қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ, «Бос уақыт» КМҚК жүзеге асырады, спорт және музыка мектептері бар Зырян қаласында өкімет және атқарушылық биліктің аудандық органдары бар: мәслихат және Алтай ауданы әкімінің аппараты, облыстық билік органдарының аудандық бөлімдері, қызметтері, аумақтық құрылымдары[2]

Зырянов – Шығыс Қазақстан облысындағы қала 1941 жылдан, темір жол стансасы, Зырянов ауданының орталығы Өскемен қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде, Бұқтырма өзенінің сол жағалаулық аңғарында орналасқан

Мазмұны

  • 1 Халқы
  • 2 Тарихы
  • 3 Кәсіпорындар, мәкемелер
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Сыртқы сілтемелер

Халқы

Тұрғыны 43,9 мың адам 1999

Тарихы

Қала іргесінің қалануы 1791 жылы инженер ГЗыряновтың осы өңірден қорғасын кенін ашу тарихымен тығыз байланысты 1795 жылдан бастап қорғасын кені игеріле бастады Ұлы Отан соғысы жылдары Зырянов майдан үшін өте қажет қорғасын, мыс, тб өнімдерді көптеп жіберді

Кәсіпорындар, мәкемелер

Қазіргі Зырянов – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі Қалада және оған қарасты әкімшілік аумақта “Қазмырыш” акционерлік қоғамының кен байыту комбинаты, “Полиметал кендерін өндіру және байыту” акционерлік қоғамы, Бұқтырма гидроэнергетикалық торабы, “Бұқтырма цемент компаниясы” акционерлік қоғамы, шұжық жасайтын “Зырянов – Ет” серіктестігі, “Зырянов сыра зауыты”, “Зырянов қалалық сүт зауыты”, бояу өндіретін “Колер” серіктестігі, тб кәсіпорындар жұмыс істейді Қалада Шығыс Қазақстан техникалық университетінің филиалы, 14 жалпы білім беретін мектеп, музыкалық және кәсіптік-техникалық мектеп, кеншілердің мәдениет сарайы, кітапханалар 3, стадион, 3 аурухана, 2 емхана, санэпидстанса, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, диагностикалық орталық бар Тұрғындары облыс орталығы – Өскемен қаласымен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  • ШҚО-ның мемл мұрағат филиалдары Зырян филиалы
  • Зырян



Алтай (қала) — Уикипедия Туралы Ақпарат

Алтай (қала) — Уикипедия


  • user icon

    Алтай (қала) — Уикипедия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Алтай (қала) — Уикипедия
Алтай (қала) — Уикипедия
Алтай (қала) — Уикипедия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Алтай (қала) — Уикипедия бұл, Алтай (қала) — Уикипедия кім, Алтай (қала) — Уикипедия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...