Mon .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Алмалық


АлмалықОрта ғасырдағы көне қала жұрты.

Іле өзенінің бойында, қазіргі ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы территориясында, Қазақстан шекарасына іргелес Қорғас ауданының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Қираған қала орны шамамен 25 км2 аумақты алып жатыр. Кең ауқымды ресми археологиялық қазба жұмысы жүргізілген жоқ. 1950 жылы қытай археологі Хуан Вэнби және соңғы жылдарда Шыңжаң тарихи мұражайының археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қыш және фарфор, оның ішінде орта ғасырларда аса қымбат бағаланған қытайдың селадон фарфор ыдыстары, Шағатай ұлысының алтын, күміс теңгелері, металдан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен еңбек құралдары, түркі тілінде сөздер жазылған несториандық құлпытастар т.б. құнды мұралар табылды.

Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тұғлық Темір ханның (1329 — 1363 жылдары) күмбезі бар. Алмалық туралы Шыңғысхан жорығына қатысушы қытай ғұламасы Чанчунь Жэнрэнның, шүршіт Елуичусайдың сапары туралы жазбаларда, “Юань тарихында”, Алмалықтың өзінен шыққан тарихшы-ғалым Жамал Қаршидің “Мүлхакат әл-сурах” атты еңбегінде, сондай-ақ М.Х.Дулатидің, Рашид ад-диннің, Жувейнидің, Бабырдың кітаптарында, армян патшасы Геитунның қолжазбаларында мол мағлұматтар келтірілген. Қаланың негізі қашан қаланғаны белгісіз. Оның бізге белгілі алғашқы билеушісі қарлұқ Озар Тұғырыл ханды Шыңғысханға тізе бүккені үшін Найман ханзадасы Күшлік өлтірген. Шағатай ұлысы кезінде Алмалық хандықтың жазғы ордасы болды. 14 ғасырдың басында ұлыс ыдыраған кезде Моғолстан (Шығыс Шағатай) астанасына айналды.

Тарихи деректер бойынша Алмалық Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары барысында (1357, 1383, 1390 жылдар) күйреген. Жібек жолының негізгі күре тамырынан орын тепкен өзге де көптеген қалалармен қатар Алмалық та ірі сауда, мәдениет және саяси орталық ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның орта ғасырлық тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды.

Дереккөздер

  1. ↑ Жетісу. Энциклопедия. - Алматы:«Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы


Алмалық Туралы Ақпарат

Алмалық


  • user icon

    Алмалық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Алмалық
Алмалық
Алмалық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Алмалық бұл, Алмалық кім, Алмалық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын:Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер:...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...