Wed . 19 Jun 2019

Айқұлақ ойыны


Айқұлақ — көктемнен бастап жаз бойы ойнайтын ойын. Айқұлақты ойнау үшін кешке таман жұрт аяғы басылған соң көп балалар жиналып өздерінің арасынан үш баланы шығарады: бірі—«қасқыр», бірі —«қойшы», бірі —«ит».

Қасқыр болатын баланың екі шекесіне екі тақияны тікейтіп, орамалмен маңдайын байлап, арқасына киім-кешекті тығып томпайтып, белін астынан буып «қасқыр» қылып болған соң, балаларға жуытпай анадай бір бұтаның тасасына жатқызады.

Қойшы болатын баланың үстіне жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізіп, қолына бір таяқ беріп, «ит» болған баланы қасына ертіп, қойлардың жанына жатқызады. Қалған бір топ баланы «қой» қылып көгендеп қояды. Біраздан соң «қойлар» дүр етіп үркеді сол уақытта «ит» те абалап, «қасқырменен» арсылдасып қалған кезде, «қойшы» да айтақтап, «лақ-қозыны» айырып қалады.

Сөйтіп «қасқыр» бірде құр кетіп, бірде алып кетіп жүріп, ақырында сол «қойлардың» бәрін де тауысады. Міне, бұл ойын осылай бітіп, екінші басталғанда да сол бұрынғы тәртіппен өтетін болады. Бұл ойын жастарға таза ауада дем алуға, көңіл көтеруге, шынығуға, өмірді түсініп, білуге жәрдемдеседі.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3


Айқұлақ ойыны Туралы Ақпарат

Айқұлақ ойыны


  • user icon

    Айқұлақ ойыны beatiful post thanks!

    29.10.2014


Айқұлақ ойыны
Айқұлақ ойыны
Айқұлақ ойыны Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Айқұлақ ойыны бұл, Айқұлақ ойыны кім, Айқұлақ ойыны сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...