Mon .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Айгөлек (ойын)

айгөлек ойын от, айгөлек ойын түрлері
 Басқа мағыналар үшін Айгөлек деген бетті қараңыз.

Айгөлек — ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен:«Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Шепті бұзар ер керек.

Екінші топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Саған қандай ер керек?

— дейді.

Алдыңғы топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Бізге пәлен ер керек,

— деп бір ойнаушының атын атайды.

Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
Пәлен деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам,

— деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4
  2. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы:«Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

айгөлек журналы, айгөлек ойын от, айгөлек ойын технологиясы, айгөлек ойын түрлері


Айгөлек (ойын) Туралы Ақпарат

Айгөлек (ойын)


  • user icon

    Айгөлек (ойын) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Айгөлек (ойын)
Айгөлек (ойын)
Айгөлек (ойын) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Айгөлек (ойын) бұл, Айгөлек (ойын) кім, Айгөлек (ойын) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын:Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер:...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...