Thu . 19 Feb 2019

Азов теңізі


Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің оңтүстігіне орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізiбен байланысады. Азов теңізі — дүние жүзі мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауданы 39 мың км2. Орташа тереңдігі 8 м. Ең терең жері 15 м. Айдыны 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген. Ірі шығанақтары: Таганрог, Сиваш. Дон және Кубань өзендері теңізге жылына көлемінің 1/5-не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұздылығы төмен. Азов теңізінің беткі қабатындағы судың температурасы жағалауға жақын бөлігінде 30o-31oС-қа дейін, орта тұсында 25o-26oС-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2-3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, температура мен тұздылығы беткі қабатынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол. Судың барлық қабаты тіршілікке бай. Азов теңізінде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіздің транспорттық маңызы бар. Азов теңізі Еділ-Дон каналы арқылы Каспий, Балтық және Ақ теңіздерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том



Азов теңізі Туралы Ақпарат

Азов теңізі


  • user icon

    Азов теңізі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Азов теңізі
Азов теңізі
Азов теңізі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Азов теңізі бұл, Азов теңізі кім, Азов теңізі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...