Sun .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Азия

азия карта, азия плюс
44579000 км²

Халық саны

4,164,252,000 адам

Орташа тығыздығы

87 адам/км²

Этнохороним

Азиялық, азиат

Құрамына кіретін мемлекеттер

мемлекет

Тәуелді аймақтарТізімАкротири және Декелия
Үнді мұхитындағы Британдық шекаралар
Кристмас аралы
Кокос аралдарыТанылмаған аймақтарТізімАбхазия
Палестина
Нагорлы Карабах
Оңтүстік Осетия Республикасы
Тайвань
Солтүстік Кипр Түрік РеспубликасыУақыт белдеулері

UTC+2 тен UTC+12

Интернет ЖДҮ

.asia

Ірі қалаларыТізім Токио
Сеул
Мумбай
Дели
Карачи
Джакарта
Осака


Шанхай
Манила
Гонконг
Тегеран
Лахор
Калькутта


Пекин
Тайпей
Бангкок
Сингапур
Куала Лумпур
Хошимин
Дубай

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орналасуы
    • 1.1 Түбектері:
    • 1.2 Құрлықтың шеткі нүктелері:
  • 2 Жер бедері
    • 2.1 Ең биік таулар мен тау қыраттары:
    • 2.2 Ең ірі жазықтары:
  • 3 Кен байлықтары
    • 3.1 Негізгі мұнай-газ аудандары:
  • 4 Климаты
  • 5 Ішкі сулары
    • 5.1 Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:
  • 6 Өсімдігі
  • 7 Жануарлары
  • 8 Саяси бөлінуі
  • 9 Азия елдері
  • 10 Түсініктемелер
  • 11 Дереккөздер
  • 12 Пайдаланылған өдебиеттер:

Географиялық орналасуы

Азия картасы.

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Түбектері:

  1. Таймыр түбегі
  2. Чукот түбегі
  3. Камчатка түбегі
  4. Корей түбегі
  5. Үндіқытай түбегі
  6. Декан түбегі
  7. Арабия
  8. Кіші Азия түбегі
  9. Үнді түбегі

Құрлықтың шеткі нүктелері:

  • солтүстігінде – Челюскин мүйісі
    • оңтүстігінде Пиай мүйісі
      • батысында Рока мүйісі
        • шығысында Дежнев мүйісі.

Жер бедері

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эвересть шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.

Памир.Гималай.

Ең биік таулар мен тау қыраттары:

  1. Памир
  2. Тянь-Шань
  3. Тибет тау қыраты
  4. Гималай
  5. Гиндукуш
  6. Қарақорым.

Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі:Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.

Ең ірі жазықтары:

  • Батыс Сібір
  • Тұран
  • Ұлы Қытай жазығы
  • Үнді-Ганг жазығы
  • Месопотамия .

Кен байлықтары

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнецк, Минусинск, Лена, Кан, Иркутск), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Негізгі мұнай-газ аудандары:

  • Батыс Сібір
  • Каспий маңы ойпаты
  • Кавказ
  • Маңғыстау
  • Орта Азия
  • Парсы шығанағы төңірегі
  • Малай топаралы
  • Солтүстік және Батыс Қытай мұнай-газ ауданы.

Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда )Қазақстан(, боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.

Климаты

1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.

Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.

Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.

Ішкі сулары

Азия құрлығы өзенге бай . Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі" деп атайды. Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен ( Хуанхэ), Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде:Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен. Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл (Вавилон) осы өзеннің бойында орналасқан болатын. Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді. Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар.

Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:

  • Еділ
  • Кура өзені
  • Әмудария
  • Жайық
  • Сырдария
  • Іле.

Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. '
Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.

Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Азияның ең ірі өзендері:

  • Еділ өзені,

  • Іле өзені,

  • Кура өзені,

  • 'Сырдария өзені,

Өсімдігі

Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

Жануарлары

Азия пілі.Азияның алтын мысығы.Азияның алтын мысығы.

Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде

  1. сүтқоректілерден:бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;
  2. құстардан:саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.

Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.

Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан:қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.

Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.

Азияның БҰҰ субаймақтары:██ Солтүстік Азия ██ Орталық Азия ██ Оңтүстік-батыс Азия ██ Оңтүстік Азия ██ Шығыс Азия ██ Оңтүстік-шығыс Азия

Саяси бөлінуі

Азия саяси құрылымы бойынша:

  • Солтүстік Азия (Ресей федерациясы);
  • Батыс Азия (Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды);
  • Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы);
  • Оңтүстік-Шығыс Азия (Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор);
  • Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан.)
  • Шығыс Азия (ҚХР, МХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония) болып бөлінеді.

Азия елдері

Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар атыАумағы
(km²)
Халық саны
(1 шілде 2002 est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²)
Астаналары
Орталық Азия:
Қазақстан2,346,92716,972,8935.7Астана
Қырғызстан198,5004,822,16624.3Бішкек
Тәжікстан143,1006,719,56747.0Душанбе
Түрікменстан488,1004,688,9639.6Ашхабад
Өзбекстан447,40025,563,44157.1Ташкент
Шығыс Азия:
Қытай9,584,4921,384,303,705134.0Бейжің
Гонконг1,0927,303,3346,688.0Виктория-Сити
Жапония377,835126,974,628336.1Токио
Макао25461,83318,473.3
Моңғолия1,565,0002,694,4321.7Ұлан-Батыр
Солтүстік Корея120,54022,224,195184.4Пхеньян
Оңтүстік Корея98,48048,324,000490.7Сеул
Тайвань35,98022,548,009626.7Тайпей
Солтүстік Африка:
Мысыр980,86980,335,03621.7Каир
Солтүстік Азия:
Ресей13,115,200139,129,7293.0Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:
Бруней5,770350,89860.8Бандар Сери Бегауан
Камбоджия181,04012,775,32470.6Пномпен
Шығыс Тимор15,007952,61863.5Дили
Индонезия1,419,588227,026,560159.9Джакарта
Лаос236,8005,777,18024.4Vientiane
Малайзия329,75027,662,36568.7Куала Лумпур
Мьянма (Бирма)678,50042,238,22462.3Naypyidaw
Филиппиндер300,00084,525,639281.8Манила
Сингапур7044,483,9006,369.0Сингапур
Таиланд514,00062,354,402121.3Бангкок
Вьетнам331,69087,375,000246.1Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан647,50027,755,77542.9Кабул
Бангладеш144,000133,376,684926.2Дака
Бутан47,000672,42514.3Thimphu
Үндістан3,167,5901,045,845,226318.2Нью Дели
Иран1,648,19570,472,84642Тегеран
Мальдивтер300320,1651,067.2Мале
Непал140,80025,873,917183.8Катманду
Пәкістан803,940147,663,429183.7Исламабад
Шри-Ланка65,61019,576,783298.4Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения29,8003,330,099111.7Ереван
Әзірбайжан46,8703,845,12782.0Баку
Бахрейн665656,397987.1Манама
Кипр9,250775,92783.9Никосия
Газа3631,203,5913,315.7Газа
Грузия20,4602,032,00499.3Тбилиси
Ирак437,07224,001,81654.9Бағдад
Израиль20,7706,029,529290.3Құддыс
Иордан92,3005,307,47057.5Амман
Кувейт17,8202,111,561118.5Кувейт
Ливия10,4523,677,780353.6Бейрут
Оман212,4602,713,46212.8Мускат
Катар11,437793,34169.4Доха
Сауд Арабиясы1,960,58223,513,33012.0Рияд
Сирия185,18017,155,81492.6Дамаск
Түркия756,76867,308,92876.5Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері82,8802,445,98929.5Абу Даби
Батыс жағалауы5,8602,303,660393.1
Йемен527,97018,701,25735.4Сана
Total43,810,5823,902,404,19389.07

Түсініктемелер

  1. a b Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 26-бет
  2. ↑ “Қазақ ұлттық энциклопедиясы”, 1 - том
  3. ↑   Қазақстанның бір бөлігі Шығыс Еуропада болғасын бұл жерде тек Орта Азияға жататын аумағы мен халық саны беріліп тұр.
  4. ↑   The current state is formally known as the People's Republic of China (PRC), which is subsumed by the eponymous entity and civilization (China). Figures given are for mainland China only, and do not include Hong Kong, Macau, and Taiwan.
  5. ↑   Hong Kong is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
  6. ↑   Macau is a Special Administrative Region (SAR) of the PRC.
  7. ↑   Figures are for the area under the de facto control of the Republic of China (ROC) government, frequently referred to as Taiwan. Claimed in whole by the PRC; see political status of Taiwan.
  8. ↑   Мысыр is generally considered a transcontinental country in Northern Africa and Western Asia; population and area figures are for Asian portion only, east of the Suez Canal (Sinai Peninsula).
  9. ↑   Ресей is a transcontinental country; population and area figures are for Asian portion only.
  10. ↑ Excludes Christmas Island and Cocos (Keeling) Islands (Australian external territories in the Indian Ocean southwest of Indonesia).
  11. ↑   East Timor is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania.
  12. ↑   Indonesia is often considered a transcontinental country in Southeastern Asia and Oceania; figures do not include Irian Jaya and Maluku Islands, frequently reckoned in Oceania (Melanesia/Australasia).
  13. ↑   The administrative capital of Myanmar was officially moved from Yangon (Rangoon) to a militarised greenfield just west of Pyinmana on 6 November 2005.
  14. ↑   Includes Jammu and Kashmir, a contested territory among India, Pakistan, and the PRC.
  15. ↑   Armenia is sometimes considered a transcontinental country:physiographically in Western Asia, it has historical and sociopolitical connections with Europe.
  16. ↑   Azerbaijan is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only. Figures include Nakhchivan, an autonomous exclave of Azerbaijan bordered by Armenia, Iran, and Turkey.
  17. ↑   The island of Cyprus is sometimes considered a transcontinental territory:in the Eastern Basin of the Mediterranean Sea south of Turkey, it has historical and socio-political connections with Europe. The Turkish Republic of Northern Cyprus (TRNC), distinct from the de jure Republic of Cyprus in the south (with a predominantly Greek population), is recognized only by Turkey.
  18. a b   Gaza and West Bank, collectively referred to as the "Occupied Palestinian Territory" by the UN, are territories partially occupied by Israel but under de facto administration of the Palestinian National Authority.
  19. ↑   Georgia is often considered a transcontinental country in Western Asia and Eastern Europe; population and area figures are for Asian portion only.
  20. ↑ In 1980, Jerusalem was proclaimed Israel's united capital, following its annexation of Arab-dominant East Jerusalem during the 1967 Six-Day War. The United Nations and many countries do not recognize this claim, with most countries maintaining embassies in Tel Aviv instead.
  21. ↑   Turkey is generally considered a transcontinental country in Western Asia and Southern Europe; population and area figures are for Asian portion only, excluding all of Istanbul.

Дереккөздер

http://en.wikipedia.org

Пайдаланылған өдебиеттер:

“Қазақ ұлттық энциклопедиясы”, 1 - том

азия авто, азия ардженто, азия карта, азия кредит банк, азия мебель алматы, азия микс, азия молл бишкек, азия парк кинотеатр, азия плюс, азия тв


Азия Туралы Ақпарат

Азия


  • user icon

    Азия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Азия
Азия
Азия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Азия бұл, Азия кім, Азия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...